Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Канаданың Монреаль қаласында өткен рейтингтік жекпе-жекте өнер көрсеткен қазақстандық боксшының кездесуі бокс кешінің басты оқиғасы болды.
Жүкембаев шаршы алаңда мексикалық Хильберто Месаға қарсы жұдырықтасты. Былтыр наурызда осы боксшы тағы бір қазақстандық боксшы - Абылайхан Құсайыновтан жеңілген еді.
Бірінші жартылай орта салмақта өткен кездесу толық 10 раундтан тұрды және төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша қазақстандық боксшы жеңіске жетті.
Жеңіліссіз келе жатқан Жүкембаев үшін бұл кәсіпқой бокстағы 15-ші жеңіс. Сонымен қатар, ол алғаш рет жеті раундтан жоғары кездесу өткізді,
Негізінде Жүкембаев басқа бір мексикалық боксшы - Карлос Хименеспен жұдырықтасуы керек болған, алайда кездесуге бірнеше күн қалған уақытта қарсылас ауысып кетті. Бастапқыда Хименеспен Данияр Елеусінов жұдырықтасуы керек болған, алайда ол Жүкембаевты таңдаған.
Жарнама