Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының келеі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды
Vesti.kz.
Негізі отандасымыз кәсіпқой бокстағы өзінің келесі кездесуін 2 наурыз күні Нью-Йоркта (АҚШ) өткізуі керек болатын. Бірақ белгісіз себептерге байланысты оның жекпе-жегі кейінге шегерілді.
Бүгін енді қазақстандық боксшының 23 наурызда шаршы алаңға шығатыны белгілі болды. Жекпе-жек сол Нью-Йорк қаласында өтеді. 25 жастағы отандасымыздың қарсыласы америкалық Майкл Митчелл болады.
Айта кетейік, Айдос Ербосынұлы осы уақытқа дейін кәсіпқой бокс шаршы алаңында 4 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Талантты қазақ боксшысы кәсіпқой бокста 72,6 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.
Жарнама