Ауыр салмақта өнер көрсететін 28 жастағы қазақстандық Жан Кособуцкий кәсіпқой шаршы алаңда бірінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Төрт раундтық жекпе-жек Белорусияның Борисов қаласында өтті. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Кособуцкий латвиялық Эдгар Калнарасаны (27-39-1, 18 КО) нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, Кособуцкий кәсіпқой боксқа 2015 жылы ауысады деп күтілген. Қазақстандық боксшы Нью-Йорк қаласында жаттығу лагерінде болды, алайда бірінші жекпе-жегін өткізе алмады. Бір жылдан соң қазақстандық боксшы тағы да бағын сынап көрді, алайда кейінірек ол АҚШ-тан неліктен қайтып кеткенін
түсіндірді.
Әуесқой бокста Кособуцкий Қазақстан чемпионы атанды, сонымен қатар ол 2013 жылы өткен Универсиадада күміс медальға қол жеткізді.
Жарнама