"Астана арландарының" боксшысы болған хорват Усик пен Джошуа андеркартында жекпе-жек өткізеді

©boxingscene.com

Елордалық "Астана арландары" командасының боксшысы болған хорват Филип Хргович (14-0, 12 КО) келесі кездесуін украиналық Александр Усик (19-0, 13 KO) ұлыбританиялық Энтони Джошуа (24-2, 22 KO) арасындағы екінші кездесудің андеркардында өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Хрговичтің қарсыласы жеңіліс таппаған қытайлық Чжан Чжилей (24-0-1, 19 КО) болады. Негізі бұл кездесу "Канело" мен Биволдың андеркартында өтуі керек еді. Бірақ ол кезде хорват боксшысының әкесі қайтыс болды. 

Айта кетейік, Усик пен Джошуа арасындағы екінші кездесу 20 тамыз күні Сауд Арабиясындағы Джидда қаласында өтеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар