Америкалық танымал боксшы түрмеге қамалуы мүмкін

©fightnews.info

Желтоқсан айына жоспарланған жеңіл салмақтағы америкалық Джервонта Дэвис  (27-0, 25 КО) пен Райан Гарсия (23-0, 19 КО) арасындағы айқас өтпей қалуы мүмкін, деп жазады vRINGe.com порталы. Себебі боксшылардың бірі түрмеге тоғытылуы мүмкін. 

2020 жылдың қараша айында Джервонта Дэвис қызылға белгіге өтіп, көлік апатына түсіп, оқиға болған жерден қашып кеткен. Бұл апаттың салдарынан төрт адам жараланған. Оның ішінде жүкті әйел де бар. 

Боксшы оқиғаға қатысты адамдармен келісіп, жағдайды реттеуге тырысқан. Бірақ танымал боксшы әйелді көндіре алмаған. Боксшы өз кінәсін мойындап, сотқа дейінгі тергеуді талап еткен. Енді Джервонта сот алдына барып, түрмеге отырып кетуі де мүмкін. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар