Альварес трилогияның соңғы раундтарында не үшін шаршап қалғанын түсіндірді

©boxingscene.com

Супер орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен өткен үшінші кездесудің соңғы раундтарында не үшін шаршап қалғанын түсіндірді, деп жазады Fightnews.info порталы. 

"Канелоның" айтуынша, ол жаттығу кезінде сол қолының жарақатына байланысты толық дайындала алмаған. Сонымен қатар, ол Головкиннің оң қолымен аз соққы жасағаны туралы да айта кетті. 

"Жекпе-жектің соңында шаршадым. Неге? Себебі жаттығу кезінде жарақатыма байланысты дайындықты 100 пайыз өткізе алмады. Дегенмен қандай қиындық болғанына қарамастан мен біздің жекпе-жекке көңілім толады. 

Головкиннің оң қолымен көп соққы жасамайтынын сездім. Мен бірден қарсы шабуылға шығып кете ме деп, аз ұрған шығар. Сондықтан да сол қолының соққысына көп назар аударды-ау деймін. Ал мен тек өз жұмысымды істедім. Головкинге де соққы тигізу қиын болды. Оның қорғанысы өте мықты", - деді "Канело". 

Еске салайық, Альварес соңғы айқасын 18 қыркүйек күні Геннадий Головкинге қарсы өткізіп, 116-112, 115-113, 115-113 есебімен жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар