Әлімханұлынан қашқан мексикалық кезекті қарсыласын нокаутпен жеңді

©izquierdazo.com

Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (40-0, 32 KO) ирландиялық Джимми Келлиді (26-3, 10 KO) жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу Анахайм (Калифорния штаты, АҚЩ) қаласында өтті. Жекпе-жек суперорта салмақта болды. 

Келли Мунгияға қарсы 12 раундқа шыдай алмады. Мексикалық боксшы бесінші раундта қарсыласын үш мәрте нокдаунға жіберді. Содан соң төреші кездесуді тоқтатып, Мунгияға жеңісті берді. 

Еске салайық, осыған дейін Мунгия орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен (12-0, 8 КО) кездесуден бас тартқан болатын. Ал Келли болса соңғы кездесуінде Қанат Исламды жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар