Әлімханұлы белбеуін қорғайтын жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді

©facebook.com/janibekalimkhanuly

Орта салмақта WBO белбеуінің иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) өзінің Facebook әлеуметтік желісінде ұлыбританиялық Дензел Бентлиге (17-1-1, 14 КО) қарсы кездесуге қалай дайындалып жатқанын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу 12 қараша күні Лас-Вегастағы Palms Casino Resort спорт кешенінде өтеді.

"Құдай қаласа 30 раунд спарринг қалды. Жекпе-жекке дайындық қызу жүріп жатыр.

Иә, бұл шоуда қарсылас барын салатынын білемін. Себебі оған чемпион болуға үлкен мүмкіндік туып тұр. Сол үшін де аянып қалмайды. Біз бұл жекпе-жекке 100% дайын болып шығуымыз керек. Елемеген бұтақ көз шығаратынын жақсы білеміз. Қарсыласты зерттедік. Осал тұстарын анықтадық. Бұйыртса бұл жекпе-жек те оңай болады!

Құдай қаласа жеңісті күндерде жолығайық!, - деді Әлімханұлы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар