Абылайхан Жүсіпов WBA белбеуі сарапқа салынатын айқас кардында жұдырықтасады

©olympic.kz

Әуесқойлар арасында екі мәрте әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алған қазақстандық Абылайхан Жүсіповтің кәсіпқойдағы келесі кездесуі қашан өтетінін анықталды, деп жазады Sports.ru

Suleimen Promotion промоутерлік компаниясының 25 жастағы боксшысы келесі кездесуін 5 қараша күні өткізеді. Бұл күні қазақстандық Айдос Ербосынұлы мен кубалық Давид Моррел WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салады. 

Айта кетейік, Жүсіпов кәсіпқой бостағы бірінші кездесуін 2020 жылы Атырау қаласында өткізіп, танзаниялық Мешак Мванкемваны жеңді. Ал соңғы кездесуін ол 2022 жылы АҚШ жерінде өткізіп, мексикалық Эдгар Рамирестен айласын асырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар