auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Келесі жекпе-жек маусымда". Головкин жаңа келісімшартқа қол қойды

"Келесі жекпе-жек маусымда". Головкин жаңа келісімшартқа қол қойды
© instagram/gggboxing

DAZN стриминг жүйесі Twitter желісіндегі ресми парақшасында Геннадий Головкинмен келісімшартқа отырғанын жариялады. "Келісім өтті! GGG жекпе-жектерін DAZN жүйесінен көріңіздер", - делінген һ8 наурызда кешкісін жарияланған хабарламада   

 

Қазақстандық боксшы үшін күресте олар Showtime арнасындағы Premier Boxing Champions (PBC) жобасын және FOX-та трансляциялармен басып озды. Тағы бір үміткер - ESPN болды, бірақ арна қаңтар айында жарыстан шықты, деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы.

The Ring журналы орта салмақта чемпион болған қазақстандық боксшы мен DAZN арасындағы келісімшарттың мән-жайын жариялады. Журналист Майк Коппинджердің мәліметінше, негізінде келісімшартқа 7 наурызда қол қойылған екен. Бұл туралы ресми түрде 12 наурызда, Лос-Анджелестегі баспасөз конференциясында айтылады. 

Жаңа жүйеде Головкин бірінші кездесуін маусымда өткізеді. Үшжылдық келісім барысында, ол жылына екі кездесуден өткізіп отырады. Дереккөз мәліметінше, GGG әр жекпе-жегі үшін сегіз таңбалы санды алады екен.

Сонымен қатар, Головкин DAZN жаһандық елшісі атанды. Бұл тізімде мексикалық Сауль "Канело" Альварес" және футбол жұлдыздары Криштиану Роналду мен Неймарда бар. 

DAZN-мен келісімшарт Головкинді үшінші жекпе-жек өткізуге алып келе жатыр және оның GGG Promotions компаниясы 2020 және 2021 жылдары төрт бокс кештерін өткізуге кепілдік береді. 

Головкинмен келіссөздерді бірнеше ай бойы DAZN атқарушы директоры Джон Скиппер мен ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирн жүргізді. Олар Лос-Анджелесте бірнеше кездесулер өткізді, бұл боксшы тұратын Санта-Моникаға жақын.

Еске салайық, Геннадий Головкин HBO боктан кеткеннен кейін телесеріктессіз қалды. Осы арнада қазақстандық боксшы 2012 жылдан бастап өнер көрсетті.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама