"Миллиардтық жоба" Головкинге акциялары мен жекпе-жектерін ұсынды
Орта салмақтағы экс-чемпион Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) DAZN стримингтік сервиспен келісімшартқа отыруға дайын. Бұл жайлы The Ring және FOX Sports журналисі Майк Коппинджер мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Орта салмақтағы экс-чемпион Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) DAZN стримингтік сервиспен келісімшартқа отыруға дайын. Бұл жайлы The Ring және FOX Sports журналисі Майк Коппинджер мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бұл келісімшарт Головкинге боксшы және промоутер ретінде ұсынылды. Ол DAZN компаниясының акционері болуы мүмкін.
BREAKING: Gennady Golovkin and DAZN are close to finalizing a multi-fight deal, according to industry sources. The package includes three guaranteed fights on the platform and as many as six. Deal also gives GGG equity in the company and guaranteed dates for GGG Promotions
— Mike Coppinger (@MikeCoppinger) 24 февраля 2019 г.
"Индустрия дереккөздерінің мәліметінше, Головкин және DAZN таяуда бірнеше жекпе-жек өткізу үшін келісімшартқа отыруы әбден мүмкін. Алғашқы уақытта жекпе-жектердің саны - үшеу, бірақ оған тағы үш жекпе-жек қосылады. Бұл келісімшартта Головкинге компанияның акциясы және GGG Promotions үшін жекпе-жектің нақты белгіленген мерзімдері көрсетілген", - деді Майк Коппинджер Twitter желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, қаңтарда Лос-Анджелесте бір күнде Головкин екі промоутерлік компания өкілдерімен кездескен болатын. Олар - DAZN және Premier Boxing Champions (PBC) жобасы, соңғысы Showtime және FOX арналарында жекпе-жектер көрсетілімін ұйымдастырады.
Осыған дейін Головкин бокс нарығынан кеткен HBO телеарнасының қолдауымен өнер көрсеткен болатын. Бұл телесеріктеспен Головкин 2012 жылдан бері шаршы алаңда өнер көрсетті.
Ал 2018 жылы DAZN бір миллиард долларға сегіз жылға ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен келісімшартқа отырған еді. Енді ол бір жылда 32 жекпе-жек ұйымдастыруы тиіс. Бұл келісімшарт бокс тарихында үлкен келісімдердің бірі атанды.
Еске салайық, Головкин соңғы жекпе-жегін қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) екінші мәрте кездесіп, жеңіліс тапқан болатын. Бірінші жекпе-жекте олар тең түсті. Осылайша, қазақстандық боксшы карьерасында бірінші рет жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылып қалған еді.
Жарнама