Профи-бокс
27 ақпан 2017 18:04
 
Мэнни Пакьяо мен Әмір Ханның қайда жұдырықтасатыны белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Мэнни Пакьяо мен Әмір Ханның қайда жұдырықтасатыны белгілі болды © independent.co.uk

Филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо мен британдық былғары қолғап шебері Әмір Хан арасындағы жекпе-жек қайда өтетіні белгілі болды.

Екі боксшының командасы бұған дейін кездесу Ұлыбритания және Біріккен Араб Әмірлігінде елдерінің бірінде 28 сәуір күні өтетінін айтқан еді. Бүгін бұл жекпе-жектің нақты қайда өтетіні белгілі болды. 

"Иә, жекпе-дек БАӘ-де өтеді", - дейді Пакьяоның көмекшісі Майкл Конц BoxingScene басылымына берген сұхбатында. 

38 жастағы Пакьяо өзінің кәсіпқой бокстағы карьерасын 1995 жылы бастаған. Пакьяоның еншісінде де 67 кездесу бар. Оның филиппиндік боксшы 59-да (38 нокаут) жеңісжетіп, алты мәрте жеңілсе, екі рет қарсыласымен тең түскен. Ол сегіз салмай бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған жалғыз боксшы. 

30 жастағы Хан болса карьерасын 2005 жылы бастаған. Оған дейін әуесқой бокста жүріп, Афинада өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдесін жеңген. Кәсіпқой бокста өткізген 35 кездесуінің британдық боксшы 31-де (19 нокаут) жеңіске жетсе, төртеуінде жеңіліп қалған. 

Айта кетейік, Пакьяо - Хан арасындағы жекпе-жекте филиппиндік боксшыға тиесілі WBO белбеуі ортаға салынады. 

Жарнама

Живи спортом!