auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жәнібек Әлімханұлы мен Сағадат Рахманқұлов салмақ өлшеуден сәтті өтті

Жәнібек Әлімханұлы мен Сағадат Рахманқұлов салмақ өлшеуден сәтті өтті
QAZSPORT TV
Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Жәнібек Әлімханұлы мен Сағадат Рахманқұлов кезекті жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Отандастарымыз жексенбінің таңында жекпе-жек өткізеді.

4 қараша күні АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасодағы Don Haskins Convention Center кешенінде қазақ боксшылары Жәнібек Әлімханұлы мен Сағадат Рахманқұл бокс кешінің андекартында шаршы алаңға шығатын болады. Басты жекпе-жек мексикалық Мигель Берчельт (34-1, 30 КО) пен Мигель Роман (60-12, 47 КО) арасында өтеді.

Бұл Жәнібек Әлімханұлының (3-0, 1 КО) кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегі болмақ, оның қарсыласы 32 жастағы америкалық былғары қолғап шебері Вон Александр (12-1, 8 КО). Ал Сағадат Рахманқұл (3-0, 1 КО) пуэрто-рикалық Никлаус Флазбен (5-1, 4 КО) қолғап түйістіреді.

Салмақ өлшеуден боксшылар сәтті өтті. Жәнібек қарсыласынан ауырлау болса, Сағадат пен Никлаус Флаздың салмағы бірдей шықты.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының әуесқой бокста қол жеткізген жетістіктері бір төбе. Ол әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. 2018 жылы Жәнібек кәсіпқой боксқа ауысып, 3 жекпе-жек өткізіп үлгерді. Барлығында жеңіске жетіп, біреуін нокаутпен аяқтады. Ал, қарсыласы Вон Александр кәсіпқой бокста 13 жекпе-жек өткізіп, 12-де жеңіске жетіп, 8 кездесуін нокаутпен аяқтаған.

Сағадат Рахманқұл әуесқой бокста 69 келіге дейінгі салмақта 2013 жылы ел біріншілігінде топ жарып, ал 2014 жылы күміс жүлдегер атанған болатын.

Отандасымыздың жекпе-жектерін "Qazaqstan" мен "Qazsport" телеарналары 4 қараша күні, сағат 04:00-де тікелей эфирде көрсететін болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама