auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жүкембаев пен Хұсайнов 28 қаңтарда шаршы алаңға шығады

Жүкембаев пен Хұсайнов 28 қаңтарда шаршы алаңға шығады
©Vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшылары Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Хұсайнов кезекті жекпе-жектерін 28 қаңтар күні өткізеді. Шаршы алаңдағы кездесулер Канаданың Монреаль қаласында өтеді.

Жартылай орта салмақта бақ сынайтын Батыр Жүкембаев мексикалық Давид Рангелмен жұдырықтасады. Қарсыласы осыған дейін 12 жекпе-жек өткізіп, 8-де жеңіске жеткен. 8-де уақытынан бұрын аяқтаған. Ал 4 жекпе-жегінде жеңілген. Сондай-ақ Давид Рангел жасөспірімдер арасында «WBC» және «WBC Fecombox» атақтарына таласқан боксшылардың бірі.

25 жастағы қазақстандық боксшы 2016 жылы Канада жерінде жеті жекпе-жек өткізіп барлығында жеңіске жетті. Оның алтауын уақытынан бұрын аяқтады. Сондай-ақ бір жекпе-жегі қарсыласының жарақат алып қалуына байланысты есепке алынбады.

28 қаңтар күні Абылайхан Хұсайнов та шаршы алаңға шығады. Отандасымыз жартылай орта салмақта екінші бір мексикалық боксшы Оскар Мехиямен қолғап түйістіреді. Қарсыласы осыған дейін кәсіпқой бокста 8 жекпе-жек өткізген. 7-де қарсыласынан басым түсіп, 1-де ғана жеңілген. 3 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған.

Қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шығатын бокс кешінің басты жекпе-жегінде канадалық боксшылар Стивен Батлер (18-0-1, 15 КО) мен брендон Кук (17-0, 10 КО) кездеседі. Олар «IBF» және «WBA» тұжырымдары бойынша солтүстікамерикалық чемпиондық атақты сарапқа салатын болады. Қос боксшы да жеңіліп көрмеген.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Хұсайнов Канадада «Eye of the Tiger Management» компаниясымен келісім негізінде жұмыс жасап келеді. Қазақстандықтардың менеджері – Анна Рева.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама