Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Нокдаун алған жекпе-жекте Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді
Eye of The Tiger
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Квебекте (Канада) өткен бокс кешінде мексикалық Патрисио Мореноны нокаутпен жеңді.
Он раундқа жоспарланған кездесу жетінші раундта аяқталды. Батыр Жүкембаев қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп шықты.
Бірінші раундта қазақстандық боксшы мансабында алғаш рет нокдаун алды. Тез есін жиып, шабуылын үдетті. Нәтижесінде екінші раундта қарсыласын бір тізерлетіп, нокдаунға түсірді.
Жетінші раундта Жүкембаевтың бүйірден ұрған жұдырығының күшінен кейін мексикалық орнынан тұра алған жоқ.
27 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы мансабындағы 14-ші жеңісіне қол жеткізді. 12 кездесуінде қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп шыққан. Отандасымыз барлық жекпе-жектерін Канадада өткізіп келеді.
Патрисио Морено үшінші рет жеңілістің кермек дәмін татты. Осыған дейін нокаутпен жеңілмеген.
Жарнама