Ресейлік танымал бапкер Александр Зимин әлем чемпионы Энтони Джошуа мен Александр Поветкин арасында өтетін жекпе-жек туралы өз ойын білдірді.
"Алыстан соққы жұмсау арқылы бұл қарсыласты ала алмайсың. Британиялықтың бойының ұзындығы мен құлаштап соққы жұмсауы керемет. Александрға шаршы алаңға шыққан бетте жақын ара-қашықтықта жұдырықтасқаны дұрыс. Себебі осы комбинацияда ол қарсыластарына көбірек қауіп төндіреді. Бұл жерде дәл соққыларға назар аударып, қайталама соққыларды үдету қажет.
Энтони Джошуа - жақсы боксшы, алайда психикасы мықты емес. Егер Саша техникалық тактиканы сәтті пайдаланатын болса, ол кездесуді өз пайдасына шешетін болады", - дейді Зимин.
Энтони Джошуа мен Александр Поветкин арасындағы жекпе-жек 22 қыркүйекте Лондонның "Уэмбли" аренасында кәсіпқой бокс кеші аясында өтеді.
Жарнама