auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бірінші жекпе-жектен кейін Головкин мен Альварес қалай өзгерді?

Бірінші жекпе-жектен кейін Головкин мен Альварес қалай өзгерді?
©Тұрар Қазанғапов
Латынамерикалық ESPN басылымының журналисі Фернандо Барбоза орта салмақ бойынша қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикандық Сауль "Канело" Альварестің Лос-Анджелесте өткен ашық жаттығуларын көріп келгеннен кейін екеуінің физикалық формасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Боксшылардың жаттығуына куә болып қайттым. Головкин де, "Канело" да жақсы формада. GGG бұрынғыға қарағанда ауыр және баяулау көрінеді. Өз кезегінде "Канело" алдыңғы жылмен салыстырғанда біраз салмақ тастаған. Теория жүзінде мұндай физикалық салыстырулар түкке тұрмайды. Себебі екеуі алаңда мүлдем өзгеріп шыға келеді. Бәлкім, "Канело" жақсырақ шығар, алайда Головкиннің күші әлі қаз қалпында. Менің ойымша, екінші жекпе-жек біріншісіне қарағанда қызықты болады. Нокаутты асыға күтемін, алайда, жекпе-жектің тағдырын қазылар алқасы шешуі әбден мүмкін", - дейді Барбоза.

Осыған дейін отандасымыз мексикалық қарсыласын бәсекелес болғандардың ішінен ең тәжірибелі екенін айтқан.

"Альварес чемпион емес. Ол өз жанкүйерлері мен боксты құрметтемейтін өтірікші. Мен болсам әлем чемпионы болып қала бергім келеді және отаныма жеңіспен оралсам деймін. Кезекті Big Drama Show-ға дайынмын. Жаттығу кезінде мен "Канело" жайлы ойламаймын. Мен тек өз жұмысымның нәтижесін 15 қыркүйекте өтетін "Канелоға" қарсы жекпе-жекте көрсетікім келеді", - дейді Головкин.

Қазақстандық боксшының айтуынша, Альварес қайта қарсыласы болып түскеніне қуанған. Себебін оны "қайта соққыға жығу" мүмкіндігіне иеленгенімен түсіндірді.

Айта кетсек, жаттығу кезінде Головкин алаңда өзін ашушаң ұстайтынын, ал Альварес нокаутпен жеңетінін мәлімдеді.

Головкин мен Альварестің жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile алаңында 15 қыркүйекте өтеді. Келер жекпе-жекте қазақстандық өзінің барлық белбеуін көнге тігетінін айтты. Сондай-ақ, боксшылар The Ring титулдық чемпионы атауы үшін жұдырықтасатын болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама