auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Жігіттік жасамады" - Головкин "Канело" жайлы

"Жігіттік жасамады" - Головкин "Канело" жайлы
Геннадий Головкин. © reviewjournal.com
Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін екінші кездесудің алдында мексикалық қарсыласы туралы өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесуі 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.

"Мен Альварес туралы ештеңе ойламайымн, оның командасы өзгерістер енгізуі тиіс. Мен осыған қадалып қалғаным жоқ, барлығын 15 қыркүйекте көретін боласыздар. Арамызда әңгімелер көп, бірақ мұның барлығы жекпе-жекті қыздыру мақсатында істелініп жатыр. Альварестің командасын тыңдайтын болсақ, мен мүлдем боксшы емеспін. Егер мен сондай әлсіз болсам, бірінші жекпе-жекте неліктен олар жеңіске жеткен жоқ? Маған жеңіске жету керек, сол себепті мен өз жұмысымды істеп жатырмын. Төрешліредің жұмысына баға бере алмаймын. Мен төреші емеспін, боксшымын. Мен тек өз жұмысымды істеуім керектігін ғана білемін", - деді Головкин журналистердің сұрағына жауап беріп. 

Сондай-ақ, чемпион Альварестің допинг дауы жайлы да сөз қозғады. Олардың екінші кездесуі 5 мамырда осы себептен болмай қалған еді. 

"Оған (Альвареске) қазір допинг дауынан кейін беделін қайта көтеру керек. Барлық есі дұрыс адамдардың барлығы да оның ақталғысы келетінін, болмайтын сылтау айтып жүргенін көріп жүр. Мұнысы дұрыс емес. Жігіттік жасамады, бірақ сол үшін ол жазаланды

Ол допинг қолданды. Оны біз анықтаған жоқпыз. Мұны комиссия анықтады, олар жәй бірдеме анықталды дей алмайды. Олар барынша ақталумен әлек, мұнысы ұят. Әрине олар осы жекпе-жекте қалайда жеңіске жеуді мақсат етіп отыр. Өздерін осылайша ақтап алғысы келеді. Олар өз командасының кінәсі жоқ екенін айтуда, алайда барлығы да сол команданың кінәсі екенін біледі. Олар не айтса да, тек ақталу үшін істеп отыр", - деді қазақстандық боксшы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама