Таяуда Айзек Чилембені жеңіп, WBA титулын сақтап қалған ресейлік боксшы Дмитрий Бивол жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Элейдер Альвареспен желтоқсанда шаршы алаңда кездесуі мүмкін, - деп хабарлайды
РИА Новости.
"Әрине мұны айту ерте, алайда бұл мен таңдаған нұсқалардың бірі. Мен осыған дайындаламын. Бивол - өте талантты боксшы, ол тәжірибелі де шебер Чилембені жеңді. Ол жартылай салмақта әлі талай боксшыны құлатады, оның жасына қарап, біраз уақыт жүретініне сеніммен айта аламын", - дейді ресейлік боксшының ісін жүргізетін Main Events промоутерлік компаниясның басшысы Кэти Дува.
Айта кетейік, 4 тамызда Сергей Ковалев колумбиялық Элейдер Альварестен (24-0, 12 КО) жеңіліп қалып, WBO белбеуінен айырылып қалған еді. Бивол да сол күні жекпе-жекке шығып WBA белбеуін сәтті қорғап қалды.
Жарнама