Головкин мен Альварес жанжалдан кейін бетпе-бет кездесті
Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес қыркүйектегі матч-реванш қарсаңында қандай да бір біріккен медиажобалардан бас тартқанына қарамастан, бетпе-бет кездесті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес қыркүйектегі матч-реванш қарсаңында қандай да бір біріккен медиажобалардан бас тартқанына қарамастан, бетпе-бет кездесті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
TMZ Sports мәліметінше, олар шілдеде кездескен, боксшылар алдағы жекпе-жегінің проморолигін түсіру шарасына қатысқан.
"Кездесу шиеленіскен жағдайда өтті. Боксшылар бір бөлмеде болып, бір-біріне қарсы соққы жасауы қажет болды. Олар "шынайы жаугершілікті" көрсетіп, түсірілім алаңында трэштокинг жасады", - деп жазады басылым.
Еске салайық, Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегі өткен жылдың қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен. 12 раундтың қорытындысы бойынша олар тең тарқасқан. Тараптар қызу талқыдан кейін 15 қыркүйекте қайтадан кездесу ұйымдастыру туралы шешімге келді.
Жарнама