auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Шүменовтің кешінде шаршы алаңға кімдер шығады?

Шүменовтің кешінде шаршы алаңға кімдер шығады?
Шілденің 7-сі күні елордамыздың «Барыс Арена» спорт кешенінде еліміздің 2018 жылдағы басты жекпе-жек кеші өтеді. Бейбіт Шүменов WBA тұжырымы бойынша ауыр салмақтың чемпиондық атағына таласса, тағы бес боксшы рейтингтік кездесулерін өткізбек.

Иә, екі жылдық үзілістен соң шаршы алаңға қайта оралуды көздеген Бейбіт Шүменов (17-2, 11КО) бірден чемпиондық белбеуге таласпақ. Ауыр салмақ бойынша, WBA чемпиондық атағына таласпақ. Қарсыласы осал емес. Түрік Хизни Алтункай. Шаршы алаңға 31 рет көтеріліп, тек бір рет жеңіліпті. Польшаның Гданск қаласында өткен жекпе-жекте жергілікті Криштоф Гловацкиден нокаутпен ұтылыпты. 30 жасар түрік қалған 30 кездесудің барлығында жеңіске жеткен. 17 рет нокаутпен ұтқан.

Шүменов пен Алтункайдан бөлек, тағы бес айқас өтеді деп жоспарлануда. Шаршы алаңға жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген, алты айқастың алтауында да жеңіске жетіп, бесеуінде қарсыласын құлатқан екінші жартылай орта салмақтағы Бобыржан Момынов көтеріліп, грузиялық Гиорги Миладземен (7-6, 2КО) жұдырықтасады.

Суперорта салмақтағы Арман Рысбектің де қарсыласы грузиялық боксшы. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған. Сандро Терашвили бес кездесуінің біреуінде ұтылып, қалған төртеуін өз пайдасына шешкен.  Бір қызығы, Қап тауының өкілі бұған Арманмен айқасу үшін бірден екі салмақ дәрежесіне көтерілмек. Ал Арман үшін бұл кәсіпқой бокстағы төртінші текетірес болмақ. Бұған дейінгі үшеуінде жеңіске жетіп, екеуінде қарсыласын құлатқан екен.

Сондай-ақ, шаршы алаңға тағы үш отандасымыз шығады. Олар: орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы, әнші Ибрагим Ескендір және 35 жасқа толып, дебютті кездесуін өткізуге ниет етіп отырған Міржан Рахымжанов. Әзірге бұл үшеуінің қарсыластары әлі анықталған жоқ.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама