auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" Головкиннен жеңілген боксшымен жұдырықтасқысы келеді

"Канело" Головкиннен жеңілген боксшымен жұдырықтасқысы келеді
Reuters
Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) отандасымыз Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) жұдырықтасудан бас тартты. Бұл туралы оның промоутері Оскар де ла Хойя ESPN басылымына берген сұхбатында айта кетті.

GGG мен "Канело" арасындағы екінші жекпе-жек қыркүйек айында өтуі мүмкін деп болжанған еді. Алайда қос тарап қаржы мәселесіне келгенде келісе алған жоқ. Мексикалық боксшының командасы бокс кешінен түскен қаржының 35 %-н ғана беруге ұсыныс айтса, Генаның командасы теңдей бөлісуге шақырды. Нәтижесінде күздегі жекпе-жек өтпейтін секілді.

Оскар де ла Хойя  айтуынша, Сауль Альварес қыркүйек айында орта салмақтағы америкалық боксшы Дэниель Джейкобспен (34-2, 29 КО) жұдырықтасқысы келеді.

- Головкин 50% табысты алғысы келеді. Бірақ олай болмайды. "Канело" деген пойыз бұл бекеттен өтіп кетті. Біздің боксшының келісімшарты Дэниель Джейкобс үстелінде жатыр. Оның промоутері Эдди Хирнға ұсыныс ұнары анық. "Канелоға" лайықты қарсылас табу үшін алға жылжып барамыз.

Джейкобс Головкинге айтарлықтай тойтарыс берді. Тіпті көпшілігі оны жеңді деп те санады. "Канелоға" қарсы ол GGG-ден жақсы жұдырықтасуы мүмкін. Бірақ "Канело" үшін қиын жекпе-жек болады деп айта алмаймын.

Мен өзім қойған талаптан кері шегінгім келмейді. Головкиннің 50% жайлы ұсынысы ешқашан орындалмайды. Біз Хирнмен келісе отырып, Джейкобсты жекпе-жекке шақырып отырмыз, - деді промоутер.

Айта кетейік, Дэниель Джейкобспен Геннадий Головкин 2017 жылдың наурыз айында жұдырықтасты. Ол отандасымызға қарсы 12 раунд текетірескен алғашқы боксшы атанды.   

Негізінен Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамыр күні өтуі тиіс еді. Алайда мексикалық боксшының қанынан допинг табылып, бокстан уақытша шеттетілді. Жаза мерзімі тамыз айының орта тұсында аяқталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама