auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Котто, Альварес секілді боксшылар Қанатпен кездесуге дайын емес - Серік Сәпиев

Котто, Альварес секілді боксшылар Қанатпен кездесуге дайын емес - Серік Сәпиев
Серік Сәпиев. Сурет Vesti.kz©
Олимпиада чемпионы, қазір "Астана Арланс" бокс клубының басшысы Серік Сәпиев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында WBO Intercontinental және WBA Fedelatin нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Исламның (23-0, 19 КО) бразилиялық Робсон Ассиске (16-4, 9 КО) қарсы өткізген жекпе-жегі жайында пікірімен бөлісті.

- Қанат Ислам жекпе-жекті жақсы өткізді. Кездесу басында қос боксшы соқтығысып қалып, Ислам қабағын жарып алды. Ол алғашқы раундта қарсыласын соққының астына алып, дәл тигізді. Робсон болса жойқын соққыға төтеп бере алмай, біраз уақытқа абдырап қалды. Қанат соққыларын жиілетіп, қарсыласын нокаутқа түсіргенше сабады. Бразилиялық боксшының соққыларға төтеп бере алмағанын Ислам жақсы пайдаланды. Қанатты, бүкіл Қазақстан жұртын жарқын жеңіспен құттықтағым келеді. Оның қазақтың атың әлемге мәшһұр етіп, дүниежүзіге танымал кәсіпқой боксшы атануына тілектеспін.
 
- Кәсіпқой бокстағы мансабында жаңа деңгейге көтерілу үшін не істеу қажет? Қандай танымал боксшылармен жекпе-жек өткізе алады?

- Кездесулерін АҚШ-та өткізе берген жөн болады. Рейтингіде барынша жоғарылап, танымал боксшыларды жекпе-жекке шақыру қажет. Қанат Ислам қандай да бір атаққа үміткер атанса ғана әлем чемпионы белбеуі үшін жекпе-жек өткізе алады. Ал одан кейін ұсыныстар өздігінен келе бастайды. 

- Мигель Котто? Сауль Альварес? Эрисланди Лара? Аталған боксшылармен жұдырықтасу үшін Қанат Исламның деңгейі жете ме?

- Котто немесе Альварес секілді боксшылар әзірге Қанат Исламға қарсы жекпе-жек өткізу үшін дайын емес. Себебі Қанаттың Америкада аса танымалдығы жоқ. Мұндай жекпе-жек тек Исламға ғана тиімді болмақ. Котто немесе Альварестің деңгейіндегі боксшылар аса танымал емес Қанаттан жеңіліп қалуға қорқады. Олар ақша табу мақсатында оңай қарсыласпен жұдырықтасқанды жөн көреді. Сол себепті, Қанатқа әлемдік рейтингіде барынша жоғары көтерілу қажет. 

Айта кетейік, Қанат Ислам АҚШ-тың Уилмингтон қаласында өткен жекпе-жек басында қабағынан жарақат алып қалғанына қарамастан, қарсыласын соққының астына алып, кездесуді бірінші раундта аяқтады. Кездесудің бейнежазбасын мына сілтемеден көре аласыз.

Қазақстан кәсіпқой бокс Федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Робсин Асис Қанат Исламның деңгейіндегі қарсылас емес деп айтса, қазақстандық промоутер Әлихан Жарылғапов Қанаттың алған жарақаты болашақта кері әсер тигізуі мүмкін дейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама