auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Василий Ломаченко чемпиондық белбеулерінің бірінен бас тартты

Василий Ломаченко чемпиондық белбеулерінің бірінен бас тартты
Reuters©
Украиналық кәсіпқой боксшы Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) өзінің чемпиондық белбеулерінің бірінен бас тарттып, деп хабарлайды vRINGe.com порталы. 

Еске салайық, 12 мамыр күні Нью-Йорк қаласында украиналық боксшы жеңіл салмақтағы бірінші кездесуін өткізіп, венесуэалалық Хорхе Линарестан (44-4, 27 КО) WBA белбеуін тартып алған болатын. Осылайша Ломаченко екі салмақ бойынша әлем чемпионы атанды. 

Бірақ кейіннен украиналық боксшы өзінің бір чемпиондық белбеуінен бас тартты. Бұл туралы Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) өзінің ресми сайтында хабарлады. Ұйымның мәліметі бойынша, Ломаченко екінші жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуінен бас тартқан екен. 

op Rank Promotions промутерлік компаниясының вице-президенті Карл Моррретти бұл ақпаратты WBO президенті Франсиско "Пако" Валкарсельге айтқан. 

"Құрметті Пако, сізде барлығы жақсы деп үміттенемін. Василий Ломаченконың атынан жазып тұрмын. Өзіңіз білетіндеп 12 мамыр күні Ломаченко салмақ дәрежесінде көтеріліп, жеңіл салмақта Хорхе Ленарестен WBA белбеуін жеңіп алды. Сосын Ломаченко жеңіл салмақта карьерасын жалғастыратынын айтып еді. Бірақ біз WBO ұйымынын құрметтегеннен кейін басқа мықты боксшыларға бос тұрған белбеуге таласуға мүмкіндік беруді жөн санадық. 

Біз сізге және WBO ұйымына алғыс айтамыз. Ломаченконың карьерасының басынан бері WBO белбеуіне таласып, оны жеңіп, қорғағаны үшін қуаныштымыз. Біз алдағы уақытта да WBO белбеуіне таласамыз деген ойдамыз. Алайда бұл жолы жеңіл салмақта. Достығыңыз және сыйлағандарыңыз үшін рақмет", - деді Морретти.

Айта кетейік, Ломаченко өзінің келесі кездесуін 25 тамыз күні Инглвуд (АҚШ, Калифорния штаты) қаласында өткізеді. Оның қарсыласы жеңіл салмақтағы WBO белбеуінің иегері мексикалық Раймундо Бельтран (35-7-1, 21 КО) болуы мүмкін. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама