auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкиннің промоутері Деревянченкомен жекпе-жекке қатысты жағдайды айтып берді

Головкиннің промоутері Деревянченкомен жекпе-жекке қатысты жағдайды айтып берді
Том Леффлер. © Sky Sports

Головкиннің промоутері Том Леффлер Халықаралық бокс федерациясының (IBF) басшылығымен кездесіп, қазақстандық боксшының биыл 3 тамызға дейін украиналық Деревянченкомен міндетті жекпе-жекті өткізу туралы қойған міндетін талқыламақшы, деп хабарлады Vesti.kz.

Айта кетейік, егер Головкин Деревянченкомен міндетті жекпе-жекті өткізбесе IBF белдігінен айырылады.

"Нью-Джерсиге барып, IBF-пен кездесемін. Өздеріңіз де білесіздер, IBF Мартиросянмен кездесу өткізу үшін міндетті жекпе-жектің уақытын шегеруге рұқсат беріп, есесіне өз талаптарын қойды. Біз бұған дейін олардың шешімін апелляцияға бердік. Олардың қаулысы өз ережелеріне қарсы келеді, деп есептейміз. Сол үшін кездесіп, жағдайды талқылағымыз келеді, - деді ол.

Промоутердің айтуынша, жекпе-жектердің өтпей қалуына Головкиннің еш қатысы жоқ.

"Болған жағдайдың Головкинге еш қатысы жоқ деп есептеймін. Біз WBC титулын қорғау үшін міндетті жекпе-жекті (Альвареске қарсы) өткізбекші едік, енді олардың (WBC) кезегі. Деревянченко 5 мамырда жұдырықтасуға дайын болмады. Енді IBF өзінің міндетті үміткерін таңып отыр. Мен отырып, Лу Дибелламен (Дервянченконың промоутері) талқыласам деп едім. Оның позициясын естігім келеді", - деп келтірді Леффлердің сөзін vRINGe.com.

Сонымен қатар, промоутер Головкиннің 2018 жылы тағы екі жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты: "Болуы әбден мүмкін деп ойлаймын. Бірақ, барлығы Альвареспен жекпе-жекте не болатыны және қалай өтетініне байланысты. Егер бәрі дұрыс болса, Головкин желтоқсанда тағы бір жекпе-жек өткізуді көздеп отыр".

Айта кетейік, қазір Головкиннің командасы мексикалық Сауль Альвареспен реванш өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Жекпе-жек 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile аренасында өтуі мүмкін. Боксшылардың бірінші жекпе-жегі өткен жылы сол жерде болған еді, бірақ екеуі тең түсіп, жеңімпаз анықталмады.

Реванш 5 мамырда өтуі тиіс еді, бірақ Альварес екі рет допинг-тесттен өте алмай қалды. Головкин Альварестің орнына америкалық Ванес Мартиросянмен кездесіп, оны екінші раундта нокаутқа түсірді. Осыдан кейін Головкин тамызда өтуі тиіс міндетті жекпе-жегінің уақытын тағы жылжытуды сұрады, бірақ IBF ережелері бойынша, уақытты екі рет шегеруге болмайды.

Ал Деревянченконың бапкері жекпе-жек өтпесе IBF белдігінен айырылатынын Головкиннің есіне салған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама