auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Ағайынды Чарлолармен бір кеште 24 раундтық марафон өткізуге дайынмын - Головкиннің бұрынғы қарсыласы

Ағайынды Чарлолармен бір кеште 24 раундтық марафон өткізуге дайынмын - Головкиннің бұрынғы қарсыласы
Вилли Монро © boxingnewstv.com
Америкалық боксшы кіші Вилли Монро (22-3, 6 КО) ағайынды Чарлолармен бір кеште жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды EsNews.

Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) өткен жылы орта салмаққа ауысып, қазір уақытша WBC чемпиондық белбеуінің иегері. Ал оның бауыры Джермелл (30-0, 15 КО) бірінші орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы. 

Джермелл Чарлоға орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 33 КО) қарсыласы болған кіші Вилли Монромен жұдырықтасу міндеттелген. 

"Жекпе-жектің сәнін келтіретін - бұл стиль. Мен ағайынды Чарлолармен бір кеште жұдырықтасуға дайынмын. Бірінші 12 раундты біреуімен өткізіп, әрине ол сонша раундқа шыдаса, кейін екіншісімен жұдырықтасамын. Жалпы бір кеште 24 раунд өткізуге дайынмын. Осылай айтып барыңыздар оларға. Мұны әлі бірде-бір боксшы істемеген. Мен Чарлолардың еңбегін бағалаймын. Олар көп нәрсеге қол жеткізді, әсіресе бірінші орта салмақта өнер көрсететін Джермелл. Олар жақсы боксшылар. Тәжірибелі спортшыларды құрметтеймін, олармен жұдырықтасқан да қызықты. Егер маған сегіз дайындыққа сегіз апта берсе, мен олармен жекпе-жекке шығуға дайынмын", - дейді кіші Монро.

Еске салайық кіші Монро қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен 2015 жылы шаршы алаңда кездескен еді. GGG қарсыласын алтыншы раундта нокаутқа түсірген еді. Монро сол кезде спорттық мансабында бірінші рет нокаутқа түскен еді. Содан кейін ол тағы төрт жекпе-жек өткізді, оның үшеуінде жеңіске жетіп, бір рет жеңілді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама