Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло Правила комментирования
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Головкиннің промоутері "Канеломен" өтетін екінші жекпе-жектің допинг сынамаларының өзгерістері мен айла тәсілдері жайлы айтты

Головкин кез келген уақытта сынақтан өтуге дайын, ол допинг сынамасын тапсырудан қашпайды.

Том Леффлер мен Геннадий Головкин. © reviewjournal.com
0 пікір
18
16 мамыр 12:59
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер ESPN басылымына берген сұхбатында Сауль Альварестің ерікті түрде допинг тестілеу бағдарламасына қайтып келуі, қос боксшының екінші кездесуін ұйымдастырудағы үлкен кедергіні жойғанын айтты. 

Екінші жекпе-жек мамырда өтуі тиіс болатын, алайда мексикалық боксшының қан құрамынан тыйым салынған препараттың шығуына байланысты ол жарты жылға бокстан шеттетілді. Осыдан кейін "Канело" VADA және WBC ұйымының "Таза бокс" бағдарламасынан шыққанын хабарлады. 

Таяуда Альварес VADA ұйымымен қайтадан жұмыс істейтінін мәлімдеді. Қос тараптың өкілдері қыркүйекте жекпе-жек ұйымдастыру үшін келіссөздерді бастады. 

"Мен VADA ұйымымен хабарласып, Головкинді бағдарламаға қосуын сұрап, 5 мамырдағы жекпе-жектің алдында тапсырған допинг сынамасын қайтадан тестілеуді сұрадым, - дейді промоутер. - Ол әлі басталмады, менің ойымша келесі аптада басталады. "Канелоға" қатысты айтар болсам, өзінің таза екенін айтып қоймаған боксшының, сынақтан өтуге негліктен бас тартқанын қызықтырады. Ендігіде оның бағдарламаға қайта қосылғаны дұрыс болды. Бұл оның абыройы үшін жасалған дұрыс қадам. Бұл Головкиннің де Абель Санчестің басты шарты - барлығына бірдей талап қойылуы тиіс". 

Сонымен қатар Леффлер жыл бойы кез келген уақытта тестілеуден өту керектігін нақтылап айтты. Себебі бағдарламаға қосылу не шығу кезінде айла тәсілдерді қолданылуы мүмкін. Головкин мен Альварес танымал боксшы болғандықтан, олар басқаларға үлгі болуы тиіс. 

"Олардың тестілеуі екінші жекпе-жек алдында үзілмеуі керек, - дейді Том Леффлер. - осыған дейінгі жекпе-жектің допинг сынамалары кездесуге үш ай қалғанда басталды. Головкин кез келген уақытта сынақтан өтуге дайын, ол допинг сынамасын тапсырудан қашпайды. Меніңше көптеген боксшылар жекпе-жекке аз уақыт қалғанда допинг сынағынан өтуді құп көреді, себебі ол кезде тестілеу ештеңені көрсетпейді. 

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді. Бірақ бұл нәтижеге көптеген бокс жанкүйерлері мен мамандары қарсы болған еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Ұтыс тігу жасау
0 комментариев
18
16 мамыр 12:59
Новости