auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Соққы алған жаман". Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстың қаупі жайлы

"Соққы алған жаман". Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстың қаупі жайлы
© SportX.kz
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (1-0, 1 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында шаршы алаңға неліктен қайтып шыққысы келетінін және кәсіпқой бокстағы қауіп-қатер жайлы айтып берді. 

27 жастағы Елеусінов Нью-Йоркте өткен бокс кешінде америкалық Ноа Киддпен (3-1-1, 2 КО) жұдырықтасып, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Жекпе-жектің толық видеосын мына жерден көре аласыздар. 

- Данияр, жеңіс құтты болсын! Жекпе-жек сіз үшін оңайға соққан секілді. Америкалық боксшы қатерлі соққы жұмсайды деген қауіп болды ма? Шаршы алаңға шыққанда ойыңыз қандай болды? Жеңетініңізге сенімді болдыңыз ба?

- Үлкен рақмет. Бірінші кездесу осылай болу қажет, меніңше. Бұл бірінші жекпе-жек. Ол оңай болуы тиіс еді. Ол қарапайым аренада өтуі тиіс болатын. Мен үлкен бокс кешінде, жақсы кардта - мен шаршы алаңға шыққанда көрермен біраз жиналды, оның ішінде қазақстандық жанкүйерлер де болды. Адам көп болды. 

Америкалық боксшы бірнеше рет жақсы соққы жұмсады. Қалай болғанда бұл бокс, мұнда ешкім басыңнан сипау үшін шықпайды. Мұнда ұрады. Қолына былғары қолғап киген адамның әрқайсысы ұра біледі. Менің қарсыласым аса бір кәсіпқой болмады, алайда оның жеңіске жетемін деген сенімі мықты болды. Ол жеңіліссіз келе жатты, сол себепті де ұсынысты қабыл алды. Жеңілемін деп ешкім келісімшарт жасамайды емес пе? Ол бұрын соңды мұндай аренада өнер көрсетпеген, сол себепті бағын сынап көргісі келді. Өзін көрсеткісі келді. 

- Қарсыластың қорқып тұрғанын көзінен байқауға болады дейді. Америкалық боксшыдан осыны көре алдыңыз ба? Ол сіздің кез келген әрекетіңізге жол беріп отырғандай болды. 
 
- Барлығында да қорқыныш бар. Бірақ мұны қорқыныш деп айтпас едім, бұл жекпе-жек алдындағы толқу. Жеңіліп қалуым мүмкін деген толқу. Әрине, мен мұндайды оның көзінен көрдім. Бұл қалыпты жағдай. Біреулер оны жасыра алады, ал біреулер түр әлпетімен көрсетіп қояды. 

Мен осы жекпе-жекте барымды салуға тырыстым, қарсыласымның қатты толқып жүргені байқалды. Оның тәжірибесі жеткіліксіз болды. Ол осы күнге дейін төрт жекпе-жек өткізіп үлгерсе де, оның аса бір тәжірибесі болмады. Амбициясы бар әрі жас, ол мен. Бірінші жекпе-жек үшін ол нағыз дұрыс қарсылас. Одан артық болмас та еді. 

- Данияр, кәсіпқой бокс дегенді ұғына алдыңыз ба? Бір сөзбен айтқанда.

- Біріншіден бұл қатты қолғаптар. Соңғы кездері бізде осындай шартта жұдырықтастық - үш раун бас киімсіз. Менің бірінші жекпе-жегімде осы үш раундқа созылды. Мен үшін айырмашылық - былғары қолғапта болды. Мұнда олар тым қатты. Тейппен жасалған. Соққы алған жағымсыз әрі қауіпті. 

Жарты жыл ішінде шаршы алаңды сағындыңыз ба?

- Әрине сағындым. Тағы да шаршы алаңға шыққым келеді. Биыл мен тағы екі әуесқой жекпе-жек өткіздім. Біздердің Өзбекстан мен Ресей командаларымен кездесулеріміз болды. Осыдан кейін мен кәсіпқой боксқа ауыстым. Қазіргі уақытта шаршы алаңға шығу үшін мүмкіндігімді күтіп отырмын. 

- Данияр, сізді "технарь" деп атайды, алайда нокаутшы емес. Қарсыласты құлату ойыңызда болды ма? Соққыңыздың күшін бағалап, сезінуді ойладыңыз ба?

- Қалай айтсам екен? Нокаутшылар арасында да техникамен жұмыс істейтіндер бар. "Технарь" болып та, нокаутшы болуға да болады. Барлығы да жағдайға байланысты. Менде қарсыласты нокаутқа түсірер жылдам әрі әсерлі соққы бар деп ойлаймын. Я болмаса нокдаунға. Мен қарсыласты құлата аламын. 

Айта кетейік, Данияр Елеусінов өз командасымен 6 маусымда Ұлыбританияда өтетін екінші кездесуіне дайындалып жатыр. Лондонда қазақстандық боксшы алты раундтық жекпе-жек өткізеді. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама