Бес салмақ дәрежесінде 12 дүркін әлем чемпионы болып, спорттық мансабын аяқтаған Флойд Мейвезер видеопокерден 100 мың АҚШ долларын ұтып алды, - деп хабарлайды
TMZ.
Дереккөз мәліметінше, бұрынғы боксшы жексенбіде, 13 мамырда ойын автоматы арқылы видеопокер ойнаған. Мейвезер дро-покер ойынында роял-флеш - ең үлкен комбинациямен джекпот ұтып алған. Ұтыс мөлшері - 100 мың АҚШ доллары. Қосалқы комбинациялар арқылы ол 1,25 мың доллар ұтқан.
Видеопокер - автомат ойындарының бір түрі, онда ойыншы белгілі бір комбинацияны жинауы тиіс. Жеңімпаз комбинацияның үлкендігіне байланысты ұтысқа ие болады.
Жарнама