auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жанат Жақияновқа Петропавл қаласынан үш бөлмелі пәтер берілді

Жанат Жақияновқа Петропавл қаласынан үш бөлмелі пәтер берілді
Жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша әлем чепионы қазақстандық Жанат Жақияновқа (27-1, 18 КО) Петропавл қаласынан үш бөлмелі пәтер берілді, - деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Жаңа пәтердің кілтін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов табыс етті. Әкім боксшыны әлем чемпионы атануымен құттықтады. Өңірдегі әкімдіктің ресми сайтында Жақияновқа қаржылай сыйақы берілгені де жазылған, алайда оның қанша сома екені нақтыланбаған.



33 жастағы Жақиянов Петропавл қаласында туған және сол жақта тұрады. Бұл қалада оның отбасы тұрады - анасы, жары, тоғыз айлық баласы Ердос және екіге толмаған қызы Нұрай. Уақытының көп бөлігін Жақиянов Ұлыбританияда өткізеді. Оны бұрынғы әйгілі боксшы Рикки Хаттон жаттықтырады.

"33 жастағы кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов белбеуі саны жағынан тек Геннадий Головкинке жол беріп тұр. Ол тағы бір қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтың көрсеткішін басып озды. Сонымен қатар, кәсіпқой бокс шаршы алаңындағы біздің жерлесіміздің жеңісі үздіктер қатарына кіруіне мүмкіндік берді", - деді Сұлтанов.

Еске сала кетейік, 11 ақпанда Жанат Жақиянов америкалық Роуши Уорреннің белбеуін тартып алған болатын. Американың Толедо қаласында WBA (Super) өткен 12 раундтық кездесуде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама