Сегіз салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо екінші жартылай жеңіл салмақта WBO тұжырымы бойынша және жеңіл салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы украиналық Василий Ломаченкоға қарсы титулдық жекпе-жек өткізуге қызығып отыр, - деп хабарлайды
"Чемпионат".
"Әрине бізге осы жекпе-жек қызық болар еді. Ломаченко таяуда ғана Линаресті жеңді, енді оның чемпиондық белбеуі бар. Яғни менде белбеу үшін жұдырықтаса аламын", - деді Пакьяо.
Еске салайық, осыған дейін украиналықтың промоутері Боб Арум Пакьяомен жұдырықтасып қалуы мүмкін екенін айтқан еді.
Жарнама