auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкиннің бапкері нашақор, ойына не келсе соны айтып жүр - Альварестің промоутері

Головкиннің бапкері нашақор, ойына не келсе соны айтып жүр - Альварестің промоутері
Абель Санчес мен Геннадий Головкин. © badlefthook.com
Мексикалық боксшы Сауль Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Абель Санчес туралы жағымсыз пікір қалдырды. Ол "Канелоның" екі рет допинг сынамасынан құлағанына қатысты Геннадий Головкиннің бапкері сынай беретінінен мезі болғанын айтты, - деп хабарлайды allboxing.ru.

"Абель - нашақор, ол бізді айыптаймын деп не болса соны айтып жүр. Ол не болып жатқанын өзі де білмейді және оның айтқандарының барлығы нақты емес. Бос сөз сөйлей бергенше, жекпе-жек ұйымдастырайық", - деді Гомес.

Сонымен қатар, ол Том Леффлермен Головкин-Альварес екінші жекпе-жегін ұйымдастыру жайында сөйлескенін айтты.

"Біз дайынбыз. Ол шарттарды біледі - бірінші жекпе-жектегі шарттар секілді, тек аз ғана өзгерістер енгізіледі. Қазіргі уақытта мен оның қоңырауын күтіп отырмын. Біз асықпаймыз, алайда шыдамның да шегі бар. Біз барлығын осы айдың соңына дейін шешуіміз қажет", - деді ол.

Еске сала кетейік, Головкин биыл 5 мамырда Альвареспен реванш өткізуі тиіс болатын. Алайда мексикалық боксшы допинг-тесттен өте алмай қалды. NSAC Альваресті уақытша шеттетті. Бірінші жекпе-жекте екеуі тең түскен болатын.

Альварестің орнына америкалық Ванес Мартиросян шығып, GGG оны екінші раундта нокаутқа түсірді
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама