auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Golden Boy өкілі Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесудің қашан өтетінін айтып қалды

Golden Boy өкілі Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесудің қашан өтетінін айтып қалды
©:boxingscene.com
Орта салмақта өнер көрсететін ирландиялық боксшы Гэри "Спайк" О’Салливан (27-2, 19 КО) Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) допинг ұсталып, жекпе-жектен бас тартқаннан кейін 5 мамыр күні осы салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) қарсыласы болуға басты үміткер болған еді. Бірақ кейіннен О’Салливан сыйақының аз болатынын себеп қылып, кездесуден бас тартты, деп жазады AllBoxing.Ru порталы. 

Оның бас бапкері Паскаль Коллинс RTE басылымына берген сұқьатында О’Салливанның Альварестің промоутері Golden Boy компаниясымен үш жекпе-жекке келісімшарт жасағанын айтты. Оның ішінде чемпиондық кездесу де бар екен. Бірінші жекпе-жегін О’Салливан 4 мамыр күні Берлин Аброға қарсы өткізеді. Содан соң екінші кездесуді қыркүйек айында Альварес пен Головкин арасындағы екінші жекпе-жектің шоуында өткізеді екен. Кейін желтоқсан айында бұл кезздесудің жеңімпазымен қолғап түйістіреді. 

Мартиросянның командасы Головкин жеңілсе, реванш беруге келісті

"Біз Лас-Вегаста "Канело" мен Головкин арасындағы бокс кешінің андеркартында өнер көрсетеміз. Олар (Головкин мен "Канелоның командасы - ред) екінші кездесуді қыркүйек айында өткізейін деп жатыр. 15 немесе 15 қыркүйек күні. Мексиканың Тәуелсіздік күні. Содан соң Головкин мен "Канело" арасындағы кездесудің жеңімпазымен біз жекпе-жек өткіземін. Шамамен Рождество мерекесінде", - деді бапкері. 

Головкин Мартиросянмен өтетін кездесуден қанша пайда табатыны белгілі болды

"Мен өмірге шынайы көзбен қарайтын адаммын. Алдағы уақытта біздің жоспар өзгермейді деп есептеймін. Бұл үш кездесуді Спайкті өмір бойынша қаржылай қамтамасыз етеді. Ол әлем чемпионы болып, болашағын жарқын етеді. Сол кезде мен де бақытты боламын", - деді Коллинс






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама