auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қиын сәтте қанаттандыратын шынайы достарымның көп болғанына қуандым - Айдар Шәрібаев

Қиын сәтте қанаттандыратын шынайы достарымның көп болғанына қуандым - Айдар Шәрібаев
Таяуда АҚШ-тың Индио қаласында WBA Inter-Continental чемпиондық белбеуіне таласып, кәсіпқой шаршы алаңдағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған қазақ боксшысы Айдар Шәрібаев содан бері бірінші рет «инстаграм» әлеуметтік желісіндегі парақшасына кіріп, жанкүйерлеріне арнап жазба қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 13 күні өткен кәсіпқой бокс кешінде жерлесіміз америкалық Эндрю Канчиомен кездесіп, кәсіпқой карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

"Ассалаумағалейкүм, алты алаш! Жанкүйер жамағат! Инста әлеміне кірмегелі де біраз күн болыпты. Оның өз себебі бар. Соңғы жекпе-жегімдегі сәтсіздігіме қарамастан қолдау білдіріп, “сағың сынбасын” деп сүйеу болып, ақжарма тілегін айтып ақ қанат хаттарын жолдап жатқан ағайын-достарға алғысым шексіз. Дегенмен, Мұхит асып жұдырықтасу түгілі, мұрнына бокстың иісі бармайтын, сыртыңнан сын садағын тартуға дайын тұратындар да бар екендігіне көз жеткіздім. Ондайларға “Аузымен орақ орғанның белі ауырмайды” деп дана халқымыз бір ауыз сөзбен жауап берген ғой. Жығылғанды жұдырықтау жарыместің де қолынан келетін шаруа. Ал сүрінгенге сүйеніш, талқысығанға таяныш болу – нағыз ердің сипаты. Осындай оңтайлы сәтті аңдып, оң жамбасқа алып, оңдырмай өсекке жығатын жалған достар емес, қолтықтан демеп қуаттандыратын, қолдау білдіріп   қанаттандыратын шынайы достарымның көп болғанына шын қуанып қалдым. “Ат сүрінбей жер танымайды” деп атам қазақ айтқандай алдағы уақытта ағат кеткен жерімнен сабақ алып, көк байрақты елімізді әлі де көптеген жеңістеріммен қуантамын деген үміттемін. Жеңісті күнде жүздескенше, достар", – деп жазды Айдар Шәрібаев.

Бүгінде боксшы Алматыда отбасының қасында демалуда. Жақын күндері жаттығуға қайта кіріспек.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама