Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Головкин мен Мартиросян жекпе-жек алдында бірінші рет көз арбасты
Головкин және Мартиросян. Сурет: boxingscene.com
WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян көз арбасты.
Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян 5 мамырға жоспарланған жекпе-жек алданды көз арбасып, баспасөз маслихатын өткізді. Калифорния штатындағы Карсон қаласында орналасқан StubHub Center аренасында өтетін бокс кешінде қос спортшы орта салмақтағы мықтыны анықтайтын болады.
Айта кетейік, Мартиросян 2005 жылы әуесқойдан кәсіпқой боксқа ауысқан боксшы. Ол шаршы алаңда 40 жекпе-жек өткізіп, оның 36-сында жеңіске жеткен. Үшеуінде жеңілсе, біреуінде қарсыласымен тең түсіпті. Соңғы жекпе-жегін 2016 жылдың 21 мамыр күні Эрисланди Лараға қарсы жұдырықтасып, шешімі бойынша жеңіліс тапты.
Жарнама