auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин - Мартиросян арасындағы өтетін бокс кешінінің андеркартында өнер көрсететін тағы бір боксшы белгілі болды

Головкин - Мартиросян арасындағы өтетін бокс кешінінің андеркартында өнер көрсететін тағы бір боксшы белгілі болды
©:suljosblog.com
Орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян арасындағы бокс кешінде өнер көрсететін тағы бір жұп белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бұған дейін бұл бокс кешінің андеркартында никарагуалық Роман "Чоколатито" Гонсалес (46-2, 38 КО) пен норвегиялық Сесилия Брекхус (32-0, 9 КО) шаршы алаңға шығатыны анықталған. Гонсалестің қарсылас Педро Гевара (30-3-1, 10 КО) болса, Брекхустың қарсыласы белгісіз болған. 

Бүгін норвегиялық әлемнің абсолютті чемпионының қарсыласы анықталды. Қарсылас 31 жастағы америкалық Кади Реис. Ол кәсіпқой бокста 20 кездесу өткізіп, 13 кездесуде жеңіске жетсе, алты кездесуде жеңіліп, бір кездесуде қарсыласымен тең түскен. 

36 жастағы Брекхус екінші рет АҚШ-та өнер көрсетеді. Ол 2008 жылы бірінші рет АҚШ-тағыстадионның шаршы алаңына шыққан еді. Норвегиялық боксшы жартылай орта салмақтағы барлық белбеулерді иеленген - WBC, WBA, WBO, IBF және IBO. 2014 жылы ол әлемдегі ең бірінші абсолют чемпион әйел атанды. Оның есімі Бернард Хопкинс, Джермейн Тэйлор және Теренс Кроуфордтардың есімімен бірге тарихта қалады.

Еске салайық, Головкин мен Мартиросян арасындағы кездесу 5 мамыр күні Лос-Анджелес маңындағы Карсон (Калифорния штаты) қаласындағы StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Бұл бокс кеші жеті мың жанкүйерге арналған теннис орталығына жоспарланып отыр. 

Дәл осы спорт кешешінде Головкин 2014 жылы мексикалық Антонио Рубиомен кездесіп, екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірген болатын. Ол кезде StubHub деп аталған спорт кешеніне 9 323 билет сатылған. Бұл спорт кешешінің жаңа рекорды болып тіркеліп еді. 

Алдағы кездесуде Головкин WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерін қорғайды. Ал IBF белбеуі ұйыммен келісімшартқа байланыста бұл кездесуде сарапқа салынбайды.






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама