auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

НВО комментаторы Головкинді айыптады: GGG мықты қарсыластардан қашып жүр

НВО комментаторы Головкинді айыптады: GGG мықты қарсыластардан қашып жүр
© bleacherreport.com

НВО телеарнасының комментаторы әрі аналитигі Макс Келлерман қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге айып тақты, оның айтуынша GGG салмақты қарсыластардан қашып жүр, деп жазды Vesti.kz.

Келлерманның айтуынша, Головкин мықты қарсыластардан қашқақтап, Мартиросянмен жұдырықтасқалы жатыр.

"Қазіргі таңда жеңіліс көрмеген, қауіп төндірерлік дейтіндей, техникасы мықты боксшы Сергей Деревянченкомен жұдырықтасудың орнына Головкин Ванес Мартиросянмен рингке шығайын деп жатыр. Иә, ол бокс әлеміндегі белгілі боксшы, бірақ бірінші орташа салмақта ғана. Оның үстіне, ол екі жыл бойы жұдырықтасқан жоқ, сондықтан ол GGG үшін қиын қарсылас бола қоймас.

Головкиннің репутациясы "түсуі" мүмкін, себебі, көп жылдан бері боксшылардың басым бөлігі одан қашты. Ешбір жұлдыздың онымен жұдырықтасқысы келмеді. Күтпеген жерден оның өзі қашатындардың бірі болып қалды. Міндетті үміткермен жекпе-жек өткізудің орнына ол "жеңіл серуенді" таңдап отыр. Бәлкім, көпшіліктің назарын аудару үшін шығар. Ол олардың көз алдында жақсы болып көрінетін болады, тіпті Альвареспен екінші жекпе-жегіне дейін.

Мартиросян - жақсы боксшы, бірақ орта салмақта емес. Ол қазір аутсайдер. Бірақ бұл детальдардың барлығы ұмыт болады, егер Головкин жеңсе. Барлығы оның "Канеломен" рингке шығуын асыға күтетін болады. Әзірге оның беделі түсіп қалды", - деді Келлерман.

Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян арасындағы жекпе-жек 5 мамырда Лос-Анджелестегі StubHub Center аренасында өтеді. Бұл арена 9 000 көрерменге арналған. Головкин 2014 жылы осы аренада мексикалық Антонио Рубиомен жұдырықтасып, екінші раундта оны нокаутқа түсірген болатын. Ал 5 мамырдағы Головкин - Мартиросян жекпе-жегінің билеттерінің минималдық құны - 53 доллар, ал максималдық құны - 767 доллар.

Кездесу жергілікті АҚШ уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады. АҚШ-та жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді. Ал қазақстандықтар жекпе-жекті келесі күні, 6 мамырда таңғы уақытта көре алады. Бокс кешінің басты оқиғасы Астана уақыты бойынша сағат 09.00-де басталады. Бірақ жекпе-жектің әзірше қазақстандық қай каналдардан көрсетілетіні белгісіз.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама