Профи-бокс
19 сәуір 2018 10:50
 
Промоутер Головкинді әлсіз қарсылас таңдады деген жанкүйерлерге жауап берді

  Пікірлер

blog.share

Промоутер Головкинді әлсіз қарсылас таңдады деген жанкүйерлерге жауап берді ©:Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер отандасымызды қарсылас таңдау кезінде сынға алғандарға жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Головкинді сынға алушылардың біріншісі YahooSports порталының тілшісі Крис Манникс болды. Ол отандасымыздың америкалық Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 КО) емес IBF белбеуінің міндетті қарсыласы украиналық Сергей Деревяченкомен (12-0, 10 КО) кездесу керек туралы твиттер парақшасында жазған еді. 

"Головкиннің промоутері Том Леффлер міндетті қарсылас Деревянченконың орнына екі жыл бойы жекпе-жек өткізбеген америкалық Ванес Мартиросянмен кездесуден көп ақша түседі дейді. Күлкілі. Олар Деревянченкодан қашып жүр. Бұл анық", - деп жазды Манникс "Твиттер" парақшасында. 

Головкин Синко де Майо мерекесінде жанкүйерлерге нағыз мексикалық стильді көрсетеді - Абель Санчес

"Мен әлеуметтік желілерде тілшілермен сөйлеспеймін. Бірақ Головкин қарсыластардан қашып жүр деген ақылға қонымсыз әңгіме. Бүгін билеттер өте жақсы сатылып жатыр. Сондықтан Ванес Мартиросян тиімді қарсылас. Оның үстіне Лос-Анджелесте. Міндетті қарсылас онсызда карьерасындағы мықты жарнамалардың бірін жасап алды. 

Еске салайық, әу баста Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 5 мамыр күні өтуі керек еді. Бірақ оның қанынан допинг табылып, тамыз айына дейін шеттетілді. Енді "Канелоның" орнына отандасымыздың қарсыласы америкалық Ванес Мартиросян болады. Жекпе-жек Лос-Анджелес қаласының маңындағы Карсон қаласындағы StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуді отандасымыз WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерін қорғайды. Ал IBF белбеуі ұйымның келісімшарты бойынша бұл жекпе-жекте сарапқа салынбайды.

Жарнама

Живи спортом!