auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Головкинге кінә таға алмаймыз". Деревянченконың бапкері неліктен Головкиннің украиналықпен жұдырықтасқысы келмейтінін түсіндірді

"Головкинге кінә таға алмаймыз". Деревянченконың бапкері неліктен Головкиннің украиналықпен жұдырықтасқысы келмейтінін түсіндірді
© nikvesti.com
Орта салмақта өнер көрсетіп жүрген Сергей Деревянченконың (12-0, 10 КО) бапкері Андре Розье қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің украиналық боксшымен жекпе-жекке шыққысы келмейтініне таңғалмайтынын айтты, - деп хабарлайды vRINGe.com.

"Головкинге кінә таға алмаймыз", - дейді бапкер. - Тым аз уақыт қалды, одан бөлек, Сергей де - өте мықты жігіт. 

"Канело" жекпе-жектен бас тартқаннан соң Сондерс те Головкинді жекпе-жекке шақырды. Ол қазақстандық боксшыны барлық белбеу үшін жекпе-жек өткізуді ұсынды. 17 және 20 ақпан күндері Альварестің Мексикада тапсырған допинг-сынамасынан кленбутерол дәрумені табылды. Мексикалық боксшының командасы бұл дәруменнің бұзылған ет арқылы түскенін айтып ақталуда. Наурыз айында Альварес жаттығу лагерін Сан-Диегоға (АҚШ, Калифорния штаты) ауысытып, тағы үш допинг сынақ тапсырды. Олардың барлығы таза шықты. Бірақ Невада штатының Атлеттер комиссиясы (NSAC) уақытша оны жекпе-жектерден шеттетті. Альварестің ісіне байланысты тыңдалып енді 18 сәуір күні өтеді. Егер боксшының кінәсі анықталса, ол бір жылға дейін шеттетілуі мүмкін.

"Барлығы да дұрыс. Егер Головкин Сергеймен жұдырықтасудан бас тартса, онда оны титулдарынан айыру керек. Болмаса Деревянченко титулдарға міндетті қарсылас ретінде бес жыл бойы күтіп отыруы тиіс пе? Ереже бар, сол себепті оған жүгіну керек. Әйтпегенде мына органдардың не қажеттілігі бар? Мен осы жағдайда Головкин емес, Альварестің кінәсі екеніне толықтайқ осылам. Маған салса, 5 мамырдағы жекпе-жекті мүлдем ұйымдастырмау керек. Головкиннің танымал емес біреуді ұрып соққаны кімге қызық? Головкинге лайықты қарсылас керек. Әрине қаражат жағы да бар. Головкин ақша тапқысы келеді, бірақ ол үшін "Канело" қажет. Реванш болмай қалса да таңғалатын мен емес", - деді Розье. 

Еске салайық, мексикалық Сауль "Канело" Альварес Головкинмен кездесуден бас тартқан соң, отандасымыз 5 мамыр күні кездесу өткізуге бел буған болатын. Бірақ оның қарсыласы әлі анықталмады. Өткен аптада тіпті жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін деген ақпарат да шыққан еді. Өйткені, жекпе-жектің өтуіне уақыт аз қалды. Головкиннің қарсыласы болуы мүмкін деген боксшылардың қатарында ирландиялық Гэри О’Салливан болды. Дегенмен де кейін ол кездесуден бас тартты.

Содан соң отандасымыздың қарсыласы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) болады делінген. Тіпті америкалық боксшы WBC және WBA ұйымдарынан рұқсат та алған. Бірақ IBF түбі армениялық боксшы кездесуге қатысуға рұқсат бермеді. Өйткені, Головкиннің IBF белбеуінің негізгі қарсыласы украиналық Сергей Деревяченко. Бұл мәселенің барлығы алдағы бір тәулікте Альварестің ісі қаралғаннан кейін шешілуі керек.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама