auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу мүлде өтпеуі мүмкін

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу мүлде өтпеуі мүмкін
©:boxingscene.com
Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесу мүлде өтеуі мүмкін. Мұндай пікірді америкалық журналист және комментатор Аль Бернштейн айтты. 

Showtime арнасының сарапшысы және Бокстың құрмет залына енген Бернштейннің айтуынша, егер Невада штатының Спорт комиссиясы Альваресті бір жылға шеттетін болса, онда ол жаза мерзімін толық өтеуі керек. 

Бұған дейін БАҚ Альварестің жаза мерзімі бір жыл болуы мүмкін екенін жазды. Бірақ жаза алты айға дейін қысқартылып, қалғанын мексикалық боксшы айыппұлмен жабады деген еді. 

"Егер Альварес бір жылдық жазасын өтейтін болса, жекпе-жек өтпейі мүмкін. Бір жылдың ішінде көп нәрсе болады. Оның үстіне Головкиннің жасы 37-ге толып жатыр. Дегенмен де Головкин әлі карьерасын аяқтағысы келмейтіні көрініп тұр. Бірақ менің ойымша, Головкин алдағы уақытта бұрынғыдай мықты болып қала бермейлі. Дәл осындай бабында қанша уақыт болуы мүмкін? Мен бұл кездесу өтеді дегенге сенімді емеспін. Жалпы бұл кездесудің енді алдағы уақытта да өтетініне күмәнмен қараймын", - деп келтіреді Бернштейннің сөзін boxingscene.com порталы. 

Еске салайық, мексикалық Сауль "Канело" Альварес Головкинмен кездесуден бас тартқан соң, отандасымыз 5 мамыр күні кездесу өткізуге бел буған болатын. Бірақ оның қарсыласы әлі анықталмады. Өткен аптада тіпті жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін деген ақпарат да шыққан еді. Өйткені, жекпе-жектің өтуіне уақыт аз қалды. Головкиннің қарсыласы болуы мүмкін деген боксшылардың қатарында ирландиялық Гэри О’Салливан болды. Дегенмен де кейін ол кездесуден бас тартты.

Содан соң отандасымыздың қарсыласы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) болады делінген. Тіпті америкалық боксшы WBC және WBA ұйымдарынан рұқсат та алған. Бірақ IBF түбі армениялық боксшы кездесуге қатысуға рұқсат бермеді. Өйткені, Головкиннің IBF белбеуінің негізгі қарсыласы украиналық Сергей Деревяченко. Бұл мәселенің барлығы алдағы бір тәулікте Альварестің ісі қаралғаннан кейін шешілуі керек.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама