auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жәнібек Әлімханұлы біржолата кәсіпқой боксқа ауысты

Жәнібек Әлімханұлы біржолата кәсіпқой боксқа ауысты
Әуесқой бокстың жарық жұлдызы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой боксқа біржолата ауысты деп хабарлайды,  —  Qsport.kz порталы.

Бұл туралы боксшының өзі сайтымыздың тілшісіне айтып берді. «Әуесқой бокста мансабымды аяқтадым. Біржолата кәсіпқой боксқа ауыстым. Жақын арада Америкаға аттанып, жаттығуымды бастаймын» — деді  Әлімханұлы.

Қазақ еліне әуесқой бокста жарқын жеңістер сыйлап, талай дүбірлі додада топ жарған Жәнібек Әлімханұлы енді кәсіпқой бокстың биік шыңын бағынырып көреді. Қазақстанның 5 дүркін чемпионы 25 жастағы былғары қолғап шеберінің спорттық мансабындағы бүгінге дейінгі жарқын жеңістеріне шолу жасап көрейік.

Жәнібек Азия чемпионы

Жәнібек 2012 жылы Қазақстан чемпионатында топ жарған кейін, 75 келі салмақта Азия чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Иорданияның астанасы Амман қаласында өткен дүбірлі додада Әлімханұлы қарсылас шыдатпай, алтыннан алқа таққан болатын. Жәнібек алғашқы айналымда тәжірибелі өзбек спортшысы Шухрат Абдуллаевтың мысын басса, екінші кездесуінде қытайлық Вэнь Иньханды 1 раундта нокаутпен жеңді. Отандасымыз жартылай финалда тартысқа толы өткен жекпе-жекте ирандық Саджад Мехрабидан айласын асырып, финалда Тәжікстан елінің өкілі Навруз Джафоевтан бір бас жоғары екенін көрсетті. 20 жасында Азия чемпионы атанған Жәнібек үшін бұл әлемдік аренадағы алғашқы ірі жеңісінің бірі болды.

Алматыда өткен Әлем чемпионатындағы жеңіс

2013 жылы Алматы қаласында әлемнің ең үздік боксшылары қолғап түйістіріп, жер шарындағы үздік спортшыны анықтады.  Бұл додада Жәнібек те сынға түсіп, Әлем чемпионы атағына таласты. Отандасымыз алғашқы кездесуінде-ақ тіс қаққан спортшы Солтан Митигиновтың мысын басып, жер шарындағы ең үздік боксшы атағына бірден-бір лайықты екенін байқатты. Жәнібек екінші кездесуінде мексикалық боксшы Хуан Меркадоны нокаутқа жіберіп, үшінше жекпе-жегінде Богдан Журтониды айқын басымдылықпен ұтты. Ал жартылай финалда ұлыбританиялық Энтони Фоулер Жәнібекке қарсы жұдырықтасудан бас тартса, финалда Джейсон Куигли отандасымыздың қарқынына төтеп бере алмады. Осылайша Жәнібек спорттық мансабындағы ең ірі жетістігіне қол жеткізді.

Инчхондағы Азия ойындарындағы алтын жүлде

Жәнібек Әлем чемпионатынан кейін Оңтүстік корей елінде өткен Азия ойындарында бағын сынады. 75 келіде жұдырықтасқан отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде тайпейлік спортшыны ауыр нокаутқа жіберіп, екінші кездесуінде ирандық Саджад Мехрабиды екінші мәрте сан соқтырып кетті. Жартылай финалда Кришан Викашты ұтқан Әлімханұлы алтын жүлде үшін жекпе-жекте  Одаи Алхиндавиден айласын асырып, Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

«Астана арландары» мен кәсіпқой бокстағы жеңістер

Жәнібек Әлімханұлы «Астана арландары» сапында да сәтті өнер көрсетіп, көпшілік қауымға жарқын жеңісімен есте қалды. Ол «Арландар» сапындағы алғашқы жекпе-жегін 2015 жылы Пуэрторика елінің боксшы  Джеффри Флазға қарсы өткізіп, алғашқы раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Ал екінші кездесуінде Аргентина елінің өкілі Кристиан Заратені айқын басымдылықпен ұтты.

Кәсіпқой бокстағы жекпе-жек

Жәнібек 2016 жылы Алматыда өткен үлкен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетіп, кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізеді. Отандасымыз дебюттік кездесуінде-ақ тәжірибелі, Головкиннің бұрынғы қарсыласы болған Милтон Нуньеске (33-16-1) қарсы жұдырықтасып, алғашқы раундта колумбиялықты нокаутқа жіберді.  Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін Ислам-Кук арасындағы жекпе-жектің андеркартында өткізді. Отандасымыз бразиялық Жильберту Перейра дос Сантосты (14-5-0) төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жетті.

Жәнібектің енді кәсіпқой бокста атой салып, әлемнің ең үздік боксшыларың қатарына кіретініне еш шүбә келтірмейміз.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама