auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" Мексикаға оралып, жаттығу жұмыстарына кірісті

"Канело" Мексикаға оралып, жаттығу жұмыстарына кірісті
Сауль Альварес. Сурет: Golden Boy
Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) отанына оралып, жаттығу жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Notisistema.com порталы. 

17 және 20 сәуір күні Мексикадағы жаттығу лагерінде Альварес екі бірдей допинг-сынақ тапсырып, оның қорытындысы бойынша боксшының ағзасынан кленбутерол дәрумені табылды. Боксшының айтуынша, бұл дәрумен оның ағзасына бұзылған ет арқылы түскен. Кейіннен Альварес жаттығу лагерін Сан-Диего қаласына (АҚШ, Калифорния штаты) ауыстырып, үш бірдей допинг-сынақтан сәтті өтті. 

Бұл жағдайлардан кейін Невада штатының Атлеттер комиссиясы (NSAC) Альваресті 18 сәуірге дейін жекпе-жектерден шеттетті. Бұл күні оның ісіне байланысты тыңдалым өтеді. Онда боксшының ұзақ мерзімге бокстан шеттетуі мүмкін. Осы мәселеге байланысты мексикалық боксшы 5-мамыр күніне Лас-вегастағы T-Mobile спорт кешенінде жоспарланған орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) кездесуден бас тартты. 

Бапкер Хосе "Чепо" Рейносаның айтуынша, оның тәлімгері Альварес NSAC шешімін күтіп отыр екен. Содан соң алдағы уақыттағы жоспарларын құрады. Бұған дейін мексикалық боксшының өзі жаза мерзімі аз болып, шаршы алаңға тамыз немесе қыркүйек айында оралғысы келетінін айтты. Сондай-ақ ол толық ақталып болған соң Головкинмен кездесуге дайын екенін де жеткізді. 

Головкин - Альварес кездесуден бас тартқан соң, 5-мамыр күні жекпе-жек өткізбей қалуы ықтимал. Отандасымыздың командасы 24 жастағы мексикалық боксшы Хайме Мунгуйеймен (28-0, 24 КО) кездесу ұйымдастыруға тырысқан. Алайда NSAC бірінші орта салмақтағы боксшыға Головкинмен кездесуге рұқсат бермеді. Содан соң Головкиннің қарсыласы АҚШ атынан өнер көрсететін армян боксшысы Ванес Мартирося (36-3-1, 21 КО) болады деген ақпарат шықты. Бірақ бұл кездесуге WBC, WBA және IBF ұйымдары қарсы болды. 

Қазіргі уақытта отандасымызбен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар.

Головкинмен кездесуге ережесіз жекпе-жек өкілі де дайын екен. Нақтырақ айтатын болсақ, отандасымызды UFC болашақ жұлдызы Брайан Ортега айқасқа шақырды.







Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама