Профи-бокс
9 сәуір 2018 11:15
 
Эрисланди Лараны жеңген америкалық боксшы Головкинмен кездесуге дайын екенін айтты

  Пікірлер

blog.share

Эрисланди Лараны жеңген америкалық боксшы Головкинмен кездесуге дайын екенін айтты ©:ringtv.com

7-сәуір күні Лас-Вегаста кубалық Эрисланди Лараны (25-3-2, 14 КО) жеңіп, бірінші орта салмақта WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы америкалық Джарретт Херд (22-0, 15 КО) басты мақсаты қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО), мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) немесе британдық Келл Брук (37-2, 26 КО) секілді боксшылармен кездесіп, ақша жасауға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды vRINGe.com порталы. 

"Иә, дәл осылай. Менің мақсатым - алдағы уақытта орта салмаққа ауысып, Альварес, Головкин немесе Брук секілді боксшылармен кездесу. Жуырда (12-мамыр, АҚШ) Лиам Смит Садам Али (WBO белбеуіне) арасындағы кездесу өткеді. Мен Смитпен біраз сөз алмасып та алдым. Біз алдағы уақытта кездесуіміз де мүмкін. Бірінші орта салмақта әлемнің үздік боксшысын (Лараны) жеңгеннен кейін, мен Смитті де жеңе алатыныма сенімдімін", - деді Херд. 

- Джермалл Чарлоға (WBC белбеуінің иегері) қарсы кездесу өтуі мүмкін бе? Барлығы ұсынысқа байланысты болады. Негізі мен Чарломен орта салмаққа ауысарға дейін жұдырықтасуды жоспарлап отырмын. Мен тығылып отырған жоқпын. Сондықтан Чарло мені іздемесе де болады. Иә, мен онымен кездескім келеді. Сонымен қатар мен Брукпен кездескім келеді. Бастысы жақсы ұсыныс болса". 

Головкиннің келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен орны ресми түрде бекітілді

Еске салайық, өткен сенбіде Херд төрешілердің шешімі бойынша Ларадан үстем түскен болатын. Осылайша ол бірінші орта салмақтағы IBF, WBA, IBO белбеулерінің жеңіп алды. 

Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп, 12 раундқа жалғасты. Жекпе-жектің шешуші сәті 12-раундтағы нокдаун болды. Осыдан кейін төрешілер 114-113, 114-113, 113-114 есебімен жеңісті Хердқа берді. 

Жарнама

Живи спортом!