auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Сарапшы "Канело" - GGG реваншы өтпей қалуының ұтымды тұстарын атады

Сарапшы "Канело" - GGG реваншы өтпей қалуының ұтымды тұстарын атады
© Reuters

FightSpace жобасының негізін қалаған белгілі комментатор Григорий Стангрит қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің 5 мамырға жоспарланған екінші жекпе-жегі өтпей қалуынан кімнің ұтқанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жекпе-жектің өтпейтіні, бір жағынан, әрине, өкінішті. Бірақ қатты өкінішті дей де алмаймын. Қазір Альварестің шеттетілуі мүмкін екені жайлы жағдай 5 мамырда жылдың әділетсіздігіне ұшыраудың алдын алғандай", - деп есептейді Стангрит. 

Комментатордың айтуынша, Golden Boy Альварес екінші жекпе-жекте жеңіске жетуі үшін қолдан келгенді жасауы мүмкін еді. 

"Альварес екінші жекпе-жекте Головкиннен жеңілсе, Геннадий "Бәрі бітті. Кімнің мықты екенін анықтадық. Мен жеңдім. Енді қызық емес, дәлелдеп жатпаймын да. Осы жеткілікті. Бір рет жеңіп едім, қазылар алқасы жеңісті бермей қойды, мен екінші рет жеңдім. Енді үшінші кездесудің не мәні бар" деуі мүмкін. Иә, бір жағынан ақша бар, бірақ Головкин Альваресті жеңгеннен кейін кез келген қарсыласпен кездесіп, көп ақша таба алатын деңгейде болады. Оның үстіне Англияда Билли Джо Сондерспен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі бар, бұл елде Головкин өте танымал. Төрт бірдей титул тігіліп, көп ақша табуға болады", - деді ол.

Оның ойынша, екінші жекпе-жек те біріншісі секілді болса, онда жеңісті Альвареске береді. 

"Дау болса да, ол маңызды емес. Жеңісті ресми түрде Альвареске берер еді. Белбеулер соған кетер еді. Әділ емес деп бәрі шуласа да, Головкин бұдан ұта алмайтын еді. Пакьяо-Брэдли бірінші кездесуін еске алайық, сұмдық әділетсіз шешім, бірақ бұдан біреу ұтты ма? Белбеу Брэдлиге беріліп, Пакьяо жеңіліс тапты. Golden Boy да дәл осылай "Біз Головкинді жеңдік, бәрі бітті" дей салуы мүмкін. Сондықтан бұл жағдайда Головкин ұтты. Екінші жекпе-жек өтсе, Альвареске түсетін психологиялық қысым көбірек. Мексикалықтың абыройына нұқсан келгеннен кейін Головкинге жеңіс берілуі мүмкін", - деді Стангрит.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама