auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Мексика боксшының аңызы "Канело" мен Головкин арасындағы екінші кездесудің не үшін өтпей қалғанын түсіндірді

Мексика боксшының аңызы "Канело" мен Головкин арасындағы екінші кездесудің не үшін өтпей қалғанын түсіндірді
Getty Images. Harry How©
Мексика боксының аңызы Хуан Мануэль Маркес отандасы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) 5-мамырға жоспарланған қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) кездесуден бас тартқанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды vRINGe.com порталы. 

"Қазіргі уақытта біз күтуіміз керек. Өйткені, ол екінші кездесуден бас тартты. Ал бұған дейін қосымша допинг сынақтарын тапсырып, таза екенін дәлелдеуге дайын екенін айтты. Ал қазір жекпе-жек өтпейтін болды. "Канелоның" ісінің тығдалымы (18-сәуір) мен жекпе-жек (5-мамыр) арасындағы кездесудің уақыты аз. Бірақ Альварес өзінің таза екенін дәлелдеу үшін тағы сынақ тапсыру керек еді. 

Менің ойымша, мұның барлығын аяғына дейін жеткізу керек еді. Мен оның орнында болсам қосымша тесттердің барлығынан өтіп, жағдайдың анық-қанығын анықтайтын едім. Ол да осылай істеу керек еді. "Канело" дайындыққа толық көңіл аудара алмаған соң жекпе-жектен бас тартты. Мұны негізі түсінуге болады. 

Бұл жағдай оның карьерасына кедергі келтіреді деп айта алмаймын. Енді оған тек өзін таза екенін дәлелдеп, жағдайдық анықтау керек. Оның қанынан кленбутеролдан басқа дәрумен табылса да таңғалмаймын. Жекпе-жекті уақыттың аздығына байланысты кейінге шегерді", - деді Маркес. 

Айта кетейік, түнде Альварестің жекпе-жегін ұйымдастыратын Golden Boy промоутерлік компаниясы баспасөз жиынын ұйымдастырды. Онда "Канело" мен Головкин арасындағы екінші кездесу мексикалық боксшының өтініші бойынша өтпейтін болғаны хабарланды. 

Содан соң Головкин де өз пікірін айтып, қандай жағдай болмасын 5-мамыр күні шаршы алаңға шығатынын айтты. 

Қазіргі уақытта отандасымызбен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар.

Сондай-ақ "Канело" жекпе-жектен бас тартқаннан соң Сондрес те Головкинді жекпе-жекке шақырды. Ол қазақстандық боксшыны барлық белбеу үшін жекпе-жек өткізуді ұсынды. 

Еске салайық, 17 және 20 ақпан күндері Альварестің Мексикада тапсырған допинг-сынамасынан кленбутерол дәрумені табылды. Мексикалық боксшының командасы бұл дәруменнің бұзылған ет арқылы түскенін айтып ақталуда. 

Наурыз айында Альварес жаттығу лагерін Сан-Диегоға (АҚШ, Калифорния штаты) ауысытып, тағы үш допинг сынақ тапсырды. Олардың барлығы таза шықты. Бірақ Невада штатының Атлеттер комиссиясы (NSAC) уақытша оны жекпе-жектерден шеттетті. Альварестің ісіне байланысты тыңдалып енді 18-сәуір күні өтеді. Егер боксшының кінәсі анықталса, ол бір жылға дейін шеттетілуі мүмкін. 

4-сәуір күні Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Альварес пен Головкин арасындағы екінші кездесу бәрібір де 2018 жылы өтетініне үмітті екенін айтты. 

Головкин мен Альварес арасындағы бірінші кездесу 16-қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтіп, тең аяқталған болатын. Бірақ бұл нәтижеге көптеген бокс жанкүйерлері мен мамандары қарсы болған еді. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама