auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" келесі кездесуін қашан өткізетінін хабарлады

"Канело" келесі кездесуін қашан өткізетінін хабарлады
Reuters©
Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО)  қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) екінші кездесуден бас тартқаннан соң келесі кездесуін қашан өткізетінін хабарлады, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Баспасөз жиыны кезінде Альварес келесі кездесуін тамыз немесе қыркүйек айында өткізуге үміттенім отырғанын айтты. Оның айтуынша, толық ақталып болған соң Головкинмен екінші рет кездескісі келеді екен. 

Еске салайық, ақпан айында Альварестің екі допинг сынамасы кленбутерол дәруменіне оң нәтиже беріп, Невада штатының Атлетер комиссиясы (NSAC) оны уақытша жекпе-жектерден шеттетті. Оның ісіне байланысты тыңдалым 18-сәуірде өтеді. Мексикалық боксшы бір жылға бокстан шеттетілуі мүмкін.

Головкин болса бәрібір 5-мамыр күні жекпе-жек өткізеді. Қазіргі уақытта отандасымызбен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар.

Головкин мен Альварес арасындағы бірінші кездесу 16-қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтіп, тең аяқталған болатын. Бірақ бұл кездесудің нәтижесімен бірнеше бокс маманы келіспейтінін де айтты. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама