auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

ESPN тілшісі Головкин үшін "Канелоның" орнын басуға қай боксшының лайық екенін атады

ESPN тілшісі Головкин үшін "Канелоның" орнын басуға қай боксшының лайық екенін атады
Reuters©
ESPN тілшісі Фернандо Барбоза Vesti.kz порталының тілшісіне орта салмақта өнер көрсететін ирландиялық боксшы Гэри О'Салливан 5-мамыр күні Сауль "Канело" Альварестің орнына Геннадий Головкин үшін лайықты қарсылас болатынын айтып берді. 

Ақпан айында Альварестің қанынан спортшыларға тиым салынған кленбутерол дәрумені табылған еді. Боксшының командасы бұл дәруменнің боксшының қанына бұзылған ет арқылы түскенін айтты. Содан соң Альварес үш рет сынақтан өтіп, үшеуінде де оның қаны таза болды. Бірақ Невада штатының Атлеттер комиссиясы "Канелоны" 18-сәуірге дейін жекпе-жектерден шеттетті. Дәл сол күні оның ісіне қатысты сот отырысы өтеді.

Қазіргі уақытта 5-мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесудің өтпей қалу қауіпі бар. Дегенмен де Головкин дәл осы күні жекпе-жек өткізуге ниетті. Бірақ қарсылас басқа боксшы болуы мүмкін. 

"О'Салливан "Канелоның" орнын басатын лайықты боксшы. Бұл боксшы бұрыннан Головкиннің назарын өзіне аудартқысы келіп жүр еді. Мұндай қысқа мерзімнің ішінде Головкиннің командасы Чарло немесе Джейкобс секілді боксшылармен келісіп үлгермейді. Сондерспен кездесу де қызық болатын еді. Дегенмен онымен де келісімге келу ұзақ уақыт кетеді. 

Қазіргі уақытта О'Салливан үлкен сыйақысыз Головкинмен кездесуге дайын жалғыз боксшы. Менің ойымша, ол Головкин үшін лайықты қарсылас болады. 5-мамырда Головкинге қарсы Гэри шығады", - деді Барбоза. 

Айта кетейік, бұған дейін бірнеше боксшы Альварестің орнын басуға дайын екенін айтты. Олардың қатарында отандасымыздың міндетті қарсыластары Джермалл Чарло (WBC), Сергей Деревянченко (IBF) және Деметриус Андраде де болды. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама