auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бокста былық көп. "Канело" допинг қолданбады дегенге сенбеймін - Малиньяджи

Бокста былық көп. "Канело" допинг қолданбады дегенге сенбеймін - Малиньяджи
Пол Малиньяджи. Сурет: Sky Sports
Екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы, қазіргі уақытта Showtime арнасының сарапшысы Пол Малиньяджи Сауль "Канело" Альварестің 49-1-2, 34 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен 37-0-1, 33 КО) өтетін кездесудің алдында мексикалық боксшының допингпен ұсталғанына таңғалмайтынын айтты. 

Сондай-ақ Малиньяджи "Канелоның" допинг қолданбайды деген жанкүйерлерге таңғалатынын айтты. Оның айтуынша, бокста бұрыннан допинг проблеммасы бар екен. 

"Сіздерге мынаны айтқым келеді. Бокста бұрыннан былық көп. Егер сіздер "Канелоны" бұрыннан допинг қолданбайды, ол енді ғана допинг қолданып күш жинады дегенге сенсеңіздер, онда сіздердің мүлде бокс көрмей-ақ қойғандарыңыз дұрыс болады. Боулинг көргеніңіз дұрыс болар. 

Боксшы бұрын таза болып, қазір ғана допингпен ұсталды деген жанкүйерлер мені таңғалдырады. "Канелоның" допинг сынағы көпшілікті бокста да допинг проблеммасы бар екенін білгені дұрыс болды. Мен бұған дейін де бокста допинг мәселесі бар екенін айттым. Бірақ әр кез сынға қалатын едім. Болды. Соңы. Енді мен бұл тақырыпта айтпаймын", - деді Малиньяджи EsNews басылымына берген сұқбатында. 

Еске салайық, Канелоның" допинг-сынамасының оң нәтижесін берген туралы ақпарат 6-наурыз күні шықты. Альварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылғаны белгілі болған еді. Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың массасын өсіруге арналған.

Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесу 5-мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobileв спорт кешенінде өтеді. Бұл боксшылардың жекпе-жегі кейінге қалған туралы ресми мәлімет шыққан жоқ. Олардың бірінші кездесуі де Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді.

Ал Невада штатының Атлеттер комиссиясы Альваресті допинг қолданғаны үшін уақытша жекпе-жектер шеттеті. Оның мәселесі 10-сәуір шешіледі. 

Головкин мен "Канелоның" допинг-сынақтары VADA (Допингке ерікті түрде тексерілу ассоциациясы) тексеріп отырады. Боксшылар бұл сынақтан Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) "Таза бокс" бағдарламасы аясында тапсырып отырады.







Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама