auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин Альвареспен реванш өтпей қалған жағдайда не істейтінін айтты

Головкин Альвареспен реванш өтпей қалған жағдайда не істейтінін айтты
© Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкин мексикалық боксшының допинг сынамадан өте алмауына байланысты Сауль "Канело" Альвареспен реваншы өтпей қалған жағдайда не істейтінін айтты, деп хабарлады Vesti.kz.

Альварес жекпе-жекке екі ай қалғанда допинг-тесттен өте алмай қалды. Екі сынамадан кленбутерол табылды. Мексикалықтың командасы оның себебі зарарлы ет жегеннен деп отыр. Одан кейінгі үш допинг-тесттен "Канело" өткен болатын. 

Головкиннің айтуынша, ол допингке қатысты жанжал үшін қатты қамыққан, боксшы реванш өтеді деп үміттеніп отыр. Алайда, жекпе-жек өтпей қалатындай жағдай болса, қазақстандық боксшы өзге бір нұсқаны қарастырмақшы, ол - орта салмақта WBO титулының иегері, ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен жұдырықтасу.

"Канеломен" реванш өтпей қалса, менің келесі қадамым Сондерс болады, себебі мен барлық титулды иеленгім келеді. Мен әлі де, "Канеломен" жекпе-жек өтеді деп үміттенемін. Бұл қазіргі таңдағы бокстағы ең ірі жекпе-жек және мен сол деңгейде тағы да болғым келеді.

Невада штатының атлетикалық комиссиясы "Альварес ісі" бойынша шешім қабылдауы тиіс. Мен үшін бұл жағдай тосын сый болды. "Канело" мен оның командасын біле тұра, олар мұндай тыйым салынған заттарды пайдаланады деп күтпеппін. Олардың мұндай жолмен кеткендерін көру өте жағымсыз. Мен жекпе-жектің зертханалар арасында емес, спортшылардың арасында болғанын қалаймын. Таза жекпе-жек, медицина емес.

Екінші жекпе-жек қызықтырақ болады. Дегенмен, бірінші жекпе-жекте мен жеңдім деп ойлаймын. Мен кейбір артықшылықтарыммен жұмыс істедім. Сондықтан, егер екінші жекпе-жек болатын болса, бүкіл әлем кімнің нағыз жеңімпаз екенін білетін болады", - деді Головкин Daily Mail басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама