auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Борат костюмінде Головкинді жекпе-жекке шақырған ирландиялық боксшы мен Сондерс GGG - "Канело" жекпе-жегін тамашалайды

 Борат костюмінде Головкинді жекпе-жекке шақырған ирландиялық боксшы мен Сондерс GGG - "Канело" жекпе-жегін тамашалайды
Гэрри О'Салливан мен Билли Джо Сондерс. © zimbio.com
Ирландиялық боксшы Гэри О'Салливан (27-2, 19 КО) мен WBO чемпионы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегін тамашалайды, - деп хабарлайды VRinge.

Осыған дейін О'Салливан 5 мамырда өтетін жекпе-жектің нәтижесі қандай болған күннің өзінде қыркүйекте Альвареспен жұдырықтасатынын айтқан еді. Ирландиялық боксшы Головкиннің ұлыбританиялық Сондерспен жұдырық түйістіретінін меңзеген.

2013 жылы Сондерс пен О'Салливан жекпе-жек өткіген. Лондонда өткен кездесу төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңісті ұлыбританиялыққа берген еді.

"Мен Билли сөйлестім. Ол маған былай деді: "Екінші жекпе-жектің қорытындысы қандай болғанына қарамастан, келесі кездесуді Головкинмен өткізгім келеді", - деп жазады WorldBoxingNews О'Салливанның сөзін. - Ол мамырда Вегаста болатынын айтты. Менде сонда боламын. Головкин - Альварес жекпе-жегін бірге тамашалаймыз. Біз онда Головкин мен Альваресті ғана емес, сонда болған барлық боксшыларды жекпе-жекке шақырамыз деп ойлаймын. Мен Альвареспен, ол Головкинмен жекпе-жек өткізеді. Вегаста мен "Канелоға" қолдау білдіремін, ал ол болса Головкинге жақтасады. Себебі Сондерс орта салмақтағы барлық белбеулердің басын қосуды армандайды. Меніңше Билли осы дивизиондағы ең мықты боксшы. Мен оның "Канелоны" да Головкинді де тізе бүктіреріне сенемін. Ол ерекше боксшы, ол барлығын жеңеді". 

Айта кетейік, 14 сәуірде Лондонда Сондерс Мартин Мюрреймен жұдырықтасып, өз титулын қорғап қалды. О'Салливан 4 мамырда шаршы алаңға қайтып оралады, алайда оның қарсыласы әзірге белгісіз. 2016 жылы ирландиялық боксшы Бораттың костюмінде Головкинде жекпе-жекке шақырған еді.  

Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама